"2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы"

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 4273 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 19.04.2016 № 63 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының Тізбесі белгіленсін.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.
      3. "Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 21 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3692 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 20 (529), "Пульс района" 2015 жылғы 6 наурыздағы № 20 (6848)) жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А.Атаеваға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмінің міндетін атқарушы Б.Аргумбаев

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қараша
№ 263 қаулысына қосымша

2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесі

      1. Табысы аз адамдар;
      2. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6. зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7. мүгедектер;
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштері қатарынан босаған адамдар;
      9. бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10. оралмандар;
      11. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;
      12. жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14. терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. нашақорлыққа тәуелді адамдар, АИТВ жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;
      17. ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
      18. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ адамдар;
      19. еңбек өтілі жоқ адамдар;
      20. техникалық және кәсiптiк бiлiм, орта бiлiм бітірушілер;
      21. нәтижесіз жұмыспен қамтылған өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар;
      22. 50 жастан асқан тұлғалар;
      23. жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады