"Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 69 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3827 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 239 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 26.07.2016 № 239 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Брынзов

  Жарма ауданы әкімдігінің
2015 жылғы " 19 " наурыздағы
№ 69 қаулысымен бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреті шегінде Жарма ауданының аумағында мәдениет, өнер, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты іске асыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070600, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Әлімбетова көшесі, № 53 үй

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Мемлекет Жарма ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.

      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Бөлімнің миссиясы - Жарма ауданының аумағында мәдениет пен өнерді жаңғырту, сақтау, дамыту және көпшілікке тарату, жаңа сапалы мәдени өнімдерді ұйымдастыру, тілдерді, дене шынықтыру және спортты одан әрі дамыту шараларын енгізу.

      16. Бөлімнің мақсаты мәдениет, тілдерді дамтыу, аудан тұрғындарын саламатты өмір салытмен қамтамасыз ету үшін сапалы және қол жетімді қызмет көрсету болып саналады.

      17. Бөлімнің мәні Жарма ауданының аумағында мәдениет, өнер, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты іске асыру бойынша құзыреті аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

      18. Бөлімнің мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      1) мәдени-ағарту, спорт мекемелерінің, өнер ұйымдарының идеялық-адамгершілік, эстетиткалық, спортқа тәрбиелеу және тілдерді дамыту рөлін арттыруды қамтамасыз ету;

      2) тұрғындарға мәдени көрсету үлгілерін одан әрі жетілдіру;

      3) өнердің барлық түрлерін, халық шығармашылығы, фольклор және көркемөнерпаздар шығармашылығын, дене шынықтыру және спортты дамыту;

      4) шығармашылық одақтар мен ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу;

      5) мәдени және спорт ұйымдары мен мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      6) ведомствоға бағынысты ұйымдардың кадрларын іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, қызметкерлердің білімі мен ең озық тәжірибелерін пайдалану;

      7) мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту;

      8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану.

      19. Бөлімнің функциялары:

      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана жане мұражай ісі, мәдени-сауық қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын кұрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдау және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жаппай мәдени іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқау, фестиваль және конкурс өткізуді жүзеге асырады;

      4) ауданның мемлекеттік мәдениет мекемелерін аттестаттаудан өткізеді;

      5) өзінің құзыреті аясында мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      6) ауданның мәдени мақсатта тағайындалған объектілерінің құрылысы, құрылысты қайта жаңарту және жөндеу туралы тапсырысшы бола алады;

      7) мемлекеттік мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуін қолдайды және жәрдем көрсетеді;

      8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" деген мәртебе ұсынады;

      9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

      10) жеке адамдардың тұрғылықты жерінде және көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымды жағдай жасайды;

      11) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етедi;

      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жаппай спорт және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      13) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық дене шынықтыру спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      14) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірім 1-разрядты спортшы, жасөспірім 2-разрядты спортшы, жасөспірім 3-разрядты спортшы атты спорт разрядтарын береді;

      15) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi деген біліктілік санаттарын береді;

      16) жаппай спорт шараларының бірыңғай аймақтық күнтiзбесін жүзеге асырады;

      17) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт шраларын ұйымастыру және өткiзудi үйлестiредi;

      18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнінде ақпарат жинау, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген үлгіде және мерзімінде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      19) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      20) дене шынықтыру және спорт шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      21) облыс аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

      22) спорт мекемелерінде әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

      23) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;

      24) азаматтық хал актілерін тіркеуді қамтамасыз етеді және жүзеге асырады;

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат, құжаттар, басқа материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға және алуға;

      2) лауазымды тұлғаларға тапсырма беру және олардың орындалуын талап ету;

      3) аудан әкімдігінің отырыстарында, аудан әкімінің мәжілістеріне қатысу;

      4) ғылыми мекелер, мәдениет және өнер қайраткерлері, филологтар мен тілтанушы мамандарды, басқа да ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      5) мемлекеттік басқару органдары, мұрағат, ғылыми мекемелер ақпараттық дерекқорын пайдалану;

      6) бөлімнің ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-сараптама жұмыстарын және оны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру;

      7) қолданыстағы заң актілермен ескерілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      21. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      22. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жарма ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      23. Бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін өзінің құзыретіне сәйкес дара қағидаты бойынша қызмет етеді, Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

      24. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;

      6) Жарма ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      27. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органның құзырына қарайтын мекемелердің тізілімі

      29. "Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      30. "Жарма ауданының мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады