РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 "Құқықтық актілер туралы" 46 бабына бабына және 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарма ауданы әкімдігінің:
1) Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 03 сәуірде № 3827 болып тіркелген (2015 жылдың 16 сәуірдегі № 29 (8810) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған), 2015 жылғы 19 наурыздағы № 69 "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының;
2) Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 03 сәуірде № 3826 болып тіркелген (2015 жылдың 16 сәуірдегі № 29 (8810) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған), 2015 жылғы 19 наурыздағы № 71 "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын;
3) 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 299 "Ережені бекіту туралы" қаулысының 4, 5, 8, 10, 12 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А. Узбековке жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Сыдықов |