"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау Қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 24/215-V Жарма аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 наурыздағы N 26/233-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 сәуірде N 3854 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 25/218-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 12.09.2018 № 25/218-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін анықтау Қағидасы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 24/125-V Жарма аудандық мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3644 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 9 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1-бөлімінің 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Нұрғалиев
      Мәслихат хатшысы Н. Есполов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады