Қаратал ауылдық округіндегі Жіңішкесу ауылына шектеу іс –шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 4053 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 23.08.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қаратал ауылдық округіндегі Жіңішкесу ауылының тұрғыны Р. Момбаевтың ұйымдастырған отарындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты осы отарға шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторы С. Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарынының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауылдық округінің әкімі Т. Дюсембаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Зайсан ауданының бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитарлық инспекторы
02.06.2015 жыл
С. Қожекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады