"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 02 тамыздағы № 380 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, Зайсан ауданының Қаратал ауылдық округі Жіңішкесу ауылына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 2 "Қаратал ауылдық округіндегі Жіңішкесу ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4053 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | К. Каримов |