Зайсан қаласының "Сауыр", "Қазақ ауылы" мөлтек аудандарында, "Көктерек" шаруа қожалығында және "Қызыл баз" учаскесіне шектеу іс –шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі N 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қыркүйекте N 4125 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 28.12.2015 9 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Зайсан қала әкімі ШЕШТІ:
      1. Зайсан қаласының "Сауыр", "Қазақ ауылы" мөлтек аудандарында, "Көктерек" шаруа қожалығына мүйізді ірі қара малдарынан және "Қызыл баз" учаскесіне мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зайсан қала әкімі Д.Тожыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады