Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 62 "Күршім ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі N 139 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда N 3958 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 26.08.2016 № 254 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы "Күршім ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 19 наурызда № 3748 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызындағы аудандық "Рауан", "Заря" газеттерінің № 25 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген каулысымен бекітілген Ережесіндегі:
      "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімде:
      16 тармағының 1), 5), 9), 10), 11) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім
      ауданының әкімі А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады