РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықытық актілер туралы" Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Күршім аудандық мәслихатының регламентiн бекiту туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3349 нөмірімен тіркелген, "Рауан-Заря" газетінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 44, 2014 жылғы 18 маусымдағы № 46 сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Күршім аудандық мәслихатының регламентiнде:
7-тармақ жана редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ә. Нұрсадықов |
Күршім аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Қ. Әбілмәжінов |