РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30-4/2 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3639 тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 6-7 аудандық "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық | |
мәслихат хатшысы | Р. Беспаев |