Жәнтікей ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 3728 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 14.12.2015 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағын, Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабының 2 тармағын, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2014 жылғы 03 қыркүйегіндегі қорытындысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
      1.Ырғызбай ауылдық округі Жәнтікей ауылындағы көшелерге төмендегі атаулар берілсін.
      1. Бірінші көшеге – Тәуелсіздік көшесі
      2. Екінші көшеге – Бияхмет Сәрсенов атындағы көшесі
      3. Үшінші көшеге – Ынтымақ көшесі
      4. Төртінші көшеге – Бейбітшілік көшесі
      5. Бесінші көшеге – Қазақстан көшесі
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Ауылдық округ әкімі А.Иманғалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады