Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Ырғызбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Жәнтікей ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы" Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 13 ақпан 2015 жылғы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Жәнтікей ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғызбай ауылдық округінің әкімі | А.Иманғалиева |