Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 04.04.2019 № 38/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 28 тамызда, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 20 тамыздағы № 34 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
11-тармақтың 7)-тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |