Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж. А. Сүйіншәлиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Ж. Шапкеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
| 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 23 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.
3. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес әлеуметтік-мәдени мақсаттағы жаңа объектілерді салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау;
2) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
3) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асыру;
4) облыс аумағын қала құрылыстық игеру барысында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалау құжаттамаларының, мемлекеттік нормативтердің, сәулет және қала құрылысы туралы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
6) "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) облыстық коммуналдық меншік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу, реконструкциялау бойынша тапсырыс беруші ретінде қатысады;
2) аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алады;
3) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келiсiм береді;
4) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізеді;
5) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзеді;
6) мемлекеттiк инвестициялар есебiнен не олардың қатысуымен салынып жатқан (салынған) барлық объектiлерді мемлекеттiк қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауын жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамаларда және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен өз құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
2) қаржы-несиелік, инвестициялық, салық саясаты саласында жүргізілетін мәселелер бойынша және облыста құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізуге ықпал ететін басқа да жағдайларда шешімдерді әзірлеуге қатысуға;
3) мердігерлердің өздері жасасқан шарттардың талаптарын тиісті түрде орындаулары жөніндегі жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыруға;
4) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатына сәйкес елді мекен аумағының шегінде азаматтардың қолайлы мекен етуі мен тұрмыс-тіршілігі құқықтарын қорғауға бағытталған ұсыныстар беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының және бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
9) "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.