"Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 ақпанда № 3798 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 239 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.08.2016 № 239 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Б. Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу, сондай-ақ облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 45.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыстық бюджетті атқару және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттің атқарылу барысын ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу;
      2) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;
      2) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруды және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізеді;
      4) төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін:
      бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
      облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді;
      5) облыс әкімдігінің секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексте белгіленген тәртіппен облыстық бюджетті түзетуді жүзеге асырады;
      6) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдауды жүзеге асырады;
      7) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді;
      8) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;
      9) ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124-бабында көзделген есептерді береді;
      10) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді;
      11) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың мемлекеттік жоспарлау органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органына ұсынады;
      12) уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімді жасайды;
      13) бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
      14) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірдің бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыруы шеңберінде облыс әкімдігіне ақпарат ұсынады;
      15) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
      16) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
      17) облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлігі деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
      18) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      19) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, соның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
      20) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      21) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды және оның тиімді пайдаланылуын ұйымдастырады;
      22) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
      23) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
      24) жергілікті атқарушы органның атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асырады;
      25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
      2) өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде мемлекеттік меншіктегі мүліктерді пайдалануды жүзеге асырады;
      3) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстың бюджеттік комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешімдер қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды уақытша тоқтатады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының, бөлімдері басшылары және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады