"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері;
2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі;
3) жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. С. Мамытбеков
17 қаңтар 2015 ж.
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң
өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері
Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.12.2015 № 367 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).кг – килограмм.
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан
ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік
субсидиялар нормативі
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3492 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы;2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 93 "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3539 тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 236 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3631 тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 316 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 43 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген, 2014 жылғы 11 желтоқсанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы.