"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда № 9987 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3802 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 367 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:кг – килограмм.