"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _________________А. Мамытбеков 8 мамыр 2015 ж. |
2015 жылғы 5 мамырдағы № 116 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
2015 жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар
бөлінісінде
№ | Дақыл | Аймақтар | |
1 (бірінші) – құрғақ далалық астық және мал шаруашылығы аймағы | 2 (екінші) – шөлейт мал және астық шаруашылығы аймағы | ||
Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм | |||
1 | Бидай | 7,971 | 7,898 |
2 | Арпа | 14,301 | 14,014 |
3 | Сұлы | 4,992 | |
4 | Қара бидай | 8,007 | 7,986 |
5 | Қарақұмық | 1,300 | |
6 | Жүгері (будан) | 39,000 | |
7 | Дәнді-бұршақты | 28,990 | |
8 | Мақсары | 0,321 | 0,260 |
9 | Күнбағыс сорты | 0,500 | |
10 | Күнбағыс (будан) | 13,000 | 13,000 |
11 | Картоп | 234,841 | 234,811 |
12 | Біржылдық шөптер | 0,040 | 0,033 |
13 | Дәнді көпжылдық шөптер | 13,000 | |
14 | Бұршақты көпжылдық шөптер | 13,000 |