"Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 140 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 3952 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.07.2017 № 194 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Б. Бекет) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Н. Ноғаев

  2015 жылғы 09 маусымдағы
№ 140 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, № 45 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықты жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту, жоғарғы біліктілікті спортшыларды және облыстың спортшылар резервін дайындау болып табылады.
      15. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті - облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту.
      16. Функциялары:
      1) жекелеген адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалыс орындарында спортпен шұғылдануына арналған инфрақұрылым құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткізу;
      3) спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың халықаралық және республикалық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
      4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
      5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
      7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      8) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;
      9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
      11) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
      12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
      15) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келісу;
      16) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      18) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;
      20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
      21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша сот органдарында талапкер немесе жауапкер болуға;
      2) жарыстар республикадан тыс жерде өтетін болса спортшыларға, ресми спорттық делегацияларға өз құзыреті шегінде сыртқа шығу құжаттарын ресімдеуге (визалар, сауалнамалар, консулдық жарналар және т.б.) көмек беруге;
      3) басқармаға қарамағындағы ұйымдардың басшыларына белгіленген тәртіпте аттестация өткізуге;
      4) акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталының қатысу үлесін өкімдік ету құқығынсыз иеленуге және пайдалануға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтық шараларды жүзеге асыруға құқылы.
      Міндеттері:
      1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешкен кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау;
      2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының және бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
      11) "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, жобалардың, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады