Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 353 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 4185 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.01.2016 № 14 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 желтоқсанда № 9987 тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3802 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 353
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн
және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты

Өлшембірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Мал шаруашылығы
1.
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2 695,6

25 184

67 886

Етті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу
 
 
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы

бас

18 000

101 196

1 821 528

2)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

13 447

268 940

3)
жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000

426

44 304

2.
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

6 499

996 411

2)
импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал

бас

118 000

1 961

226 687

3.
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату

1 404230

215 789

1)
1-деңгей

кг

300

376 830

113 049

2)
3-деңгей

кг

100

1 027 400

102 740

4.
Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейінде бордақылау алаңдарына өткізу

бас

24 000

952

22 848

5.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату

жемшөп тоннасы

7 500

15236,04

114 270,3

 
Барлық сомасы

3 710 777,3

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
 
 
1)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

682

13 640

2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
 
 
1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

60

9 240

 
 
 
 
 
 
2)
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал

бас

118 000

226

25 860

3.
Сүт өндірісінің құнын арзандату

2 097 000

49 425

1)
1-деңгей

кг

25

1 897 000

47 425

2)
3-деңгей

кг

10

200 000

2 000

4.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен сүтті-тауарлы фермалар үшін ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату

бас

20 000

466

9 320

 
Барлық сомасы

107 485

Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату
1)
2-деңгей

дана

2,6

133 120 000

346 112

 
соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату

дана

2,6

51 964 000

135 106,4

2.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату

жемшөп тоннасы

7 500

7 524,04

56 430,3

 
Барлық сомасы

402 542,3

Шошқа шаруашылығы
 
 
1.
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату

кг

98

1 359 994

133 279,4

2.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жемшөп құнын арзандату

жемшөп тоннасы

7 500

4 102

30 765

 
Барлық сомасы

164 044,4

Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

100 309

150 463,5

1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы

бас

1 500

85 728

128 592

2)
асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

1 500

14 581

21 871,5

2.
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000

4 837

38 696

3.
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
 
 
1)
2-деңгей

кг

100

90 020

9 002

 
Барлық сомасы

198 161,5

Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000

632

25 280

2.
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату

кг

92

144 772

13 319

3.
Қымыз өндірісінің құнын арзандату

кг

60

61 716,67

3 703

 
Барлық сомасы

42 302

 
Барлығы

4 693 198,5

      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
      кг – килограмм.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады