2015 жылы үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 354 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 4186 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда №10190 болып тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандар және Орал қаласы бойынша (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 2015 жылы үшінші көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидиялар көлемдері белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар және Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н.Ноғаев

  2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 354 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша

Аудандар және Орал қаласы бойынша
(егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) тұқым өсіру шаруашылықтарын
қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 2015 жылы үшінші
көбейтілген бидай тұқымдарын сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге
арналған субсидиялар көлемдері


Аудандар (қала)

Субсидиялар көлемдері, теңге

1.

Бөрлі

487 500

2.

Зеленов

4 634 955

3.

Шыңғырлау

7 449 000

4.

Орал қаласы

4 290 000

Облыс бойынша жиыны

16 861 455

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады