1. Чапаев ауылы "Мұнай базасы" аялдамасы – "Жайық" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 67 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
3. "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары Т. С. Шиниязовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Төреғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақжайық аудандық
мәслихатының сессия төрағасы Б. Кухаев
Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев
"8" маусым 2015 жыл