1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Жаңа қоныс" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
"Жаңа құрылыс" көшесі – "Қазақстан" көшесі;
"Гагарин" көшесі – "Республика" көшесі деп қайта аталсын.
2. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Андешова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Әлжан |