Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің Базаршолан, Есім, Жаманқұдық және Баянтөбе ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда № 3812 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарын басшылыққа алып, Базаршолан, Есім, Жаманқұдық және Баянтөбе ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Базаршолан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің Базаршолан, Есім, Жаманқұдық және Баянтөбе ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі М. Ильясов

  Базаршолан ауылдық
округі әкімінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 1 шешіміне
қосымша

Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің Базаршолан, Есім, Жаманқұдық
және Баянтөбе ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары

      1. Базаршолан ауылы бойынша:
      жобалық көшесі № 1 – «Абай» көшесі;
      жобалық көшесі № 2 – «Жақия Исатаев» көшесі;
      жобалық көшесі № 3 – «Темір Масин» көшесі;
      жобалық көшесі № 4 – «Жамбыл» көшесі;
      жобалық көшесі № 5 – «Теректі» көшесі;
      жобалық көшесі № 6 – «Ғабдолла Махамбетов» көшесі;
      жобалық көшесі № 7 – «Қабдығали Оразов» көшесі;
      жобалық көшесі № 8 – «Баяшев» көшесі;
      жобалық көшесі № 9 – «Нұқ Бисенов» көшесі.
      2. Есім ауылы бойынша:
      жобалық көшесі № 1 – «Есім хан» көшесі.
      3. Жаманқұдық ауылы бойынша:
      жобалық көшесі № 1 – «Бірлік» көшесі.
      4. Баянтөбе ауылы бойынша:
      жобалық көшесі № 1 – «Жиенбет жырау» көшесі;
      жобалық көшесі № 2 – «Байбарақ батыр» көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады