Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 13.02.2020 № 47-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтардағы "Бурлинские вести-Бөрлі жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.
Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 3-қосымшасы жетінші баған келесі редакцияда жазылсын:
"7. 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және жетім балалар – 5000 теңге".
2. Бөрлі аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Л. Букушева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Манашев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Куликешев |
"КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
______________Б. Мәкен
28.12.2015 ж.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері,
сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
№ | Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі |
1. | 9 мамыр – Жеңіс күні | бір реттік |
2. | 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күні | бір реттік |
3. | 26 сәуір – Чернобыль АЭС апатқа ұшырағандарды еске алу күні | бір реттік |
4. | 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні | бір реттік |
5. | 1 маусым – Балаларды қорғау күні | бір реттік |
6. | 31 желтоқсан –Жаңа жыл күні | бір реттік |