Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің Ақсу, Жаңақоныс ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қарашада № 4149 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Ақсу, Жаңақоныс ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің Ақсу, Жаңақоныс ауылдарының мынадай көшелері қайта аталсын:
      1) Ақсу ауылы бойынша:
      "Садовая" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Абай" көшесі – "Абай Құнанбаев" көшесі;
      "Жамбыл" көшесі – "Жамбыл Жабаев" көшесі;
      2) Жаңақоныс ауылы бойынша:
      "Абай" көшесі – "Абай Құнанбаев" көшесі.
      2. Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н. Тлеугалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсу ауылдық округінің әкімі Г. Утепбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады