Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің Пугачев, Бестау ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 25 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қазанда № 4107 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Пугачев, Бестау ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Пугачев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің Пугачев, Бестау ауылдарының мынадай көшелері қайта аталсын:
      1) Пугачев ауылы бойынша:
      "Степная" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Целинная" көшесі – "Тың" көшесі;
      "Спортивная" көшесі – "Спорт" көшесі;
      "Юбилейная" көшесі – "М. Мәметова" көшесі;
      "Овражная" көшесі – "Ақжайық" көшесі;
      "Приречная" көшесі – "Кенесары хан" көшесі;
      "Дачная" көшесі – "Әділет" көшесі;
      "Утвинская" көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "Тупиковая" көшесі – "Атамекен" көшесі;
      "Набережная" көшесі – "Жағалау" көшесі;
      2) Бестау ауылы бойынша:
      "Черемушкина" көшесі – "Бостандық" көшесі;
      "Нижняя" көшесі – "Алтын күн" көшесі;
      "Центральная" көшесі – "Алтын орда" көшесі.
      2. Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (К. Салакбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтың жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Пугачев ауылдық округінің әкімі Т. Казжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады