Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Успен, Жаңаталап, Қаракемир ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Успен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданы Успен ауылдық округінің Успен, Жаңаталап, Қаракемир ауылдарының мынадай көшелері қайта аталсын:
1) Успен ауылы бойынша:
"Советская" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
"Юбилейная" көшесі – "Болашақ" көшесі;
"Комсомольская" көшесі – "Мәңгілік ел" көшесі;
"Восточная" көшесі – "Атамекен" көшесі;
"Октябрьская" көшесі – "Достық" көшесі;
"Трудовая" көшесі – "Еңбекші" көшесі;
"Парковая" көшесі – "Саябақ" көшесі;
"Набережная" көшесі – "Жағалау" көшесі;
"Школьная" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
"Первомайская" көшесі – "Бірлік" көшесі;
"Дорожная" көшесі – "Ақжол" көшесі;
"Чапаевская" көшесі – "Әділет" көшесі;
"Успеновская" көшесі – "Саржайлау" көшесі;
"Степная" көшесі – "Кең дала" көшесі;
2) Жаңаталап ауылы бойынша:
"Школьная" көшесі – "Балдәурен" көшесі;
3) Қаракемир ауылы бойынша:
"Безымянная" көшесі – "Жаңа өмір" көшесі.
2. Успен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Д. Искалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен ауылдық округінің әкімі | Г. Зайнуллин |