Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 107 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4034 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 18.01.2016 № 2 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы;
      2) Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары бекітілсін.
      2. "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" және "Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемелер қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Зұлқашев

  2015 жылғы 18 тамыздағы
№ 107 Бөкей ордасы ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

  №  

Қозғалыс бағыты

Аралықтығы

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Б. Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.

Бисен ауылы – Жиекқұм ауылы

21 км

2.

Жиекқұм ауылы – Көктерек ауылы

28 км

3.

Көктерек ауылы – Жамбыл ауылы

8 км

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.

Сайқын ауылы – Шоңай ауылы

35 км

2.

Сайқын ауылы – Мәмбет ауылы

10 км

3.

Мәмбет ауылы – Жәрменке ауылы

5 км

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "А. Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.

Мұратсай ауылы – Тайғара ауылы

18 км

2.

Мұратсай ауылы – Әжен ауылы

7 км

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1.

Хан Ордасы ауылы – Сейтқали ауылы

18 км

2.

Хан Ордасы ауылы – Қарасу ауылы

7 км

3.

Қарасу ауылы – Үштерек ауылы

15 км

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      км – километр.

  2015 жылғы 18 тамыздағы
№ 107 Бөкей ордасы ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (бұдан әрі –тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленген және Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

      2. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады.
      Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген таным белгісі орнатылады.
      Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі.
      Автобуспен тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
      Жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері міндетті түрде ілесіп жүруі керек.
      3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы Бөкей ордасы ауданы әкімдігімен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
      4. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
      Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
      5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) жол берілмейді.
      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауы керек.
      7. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлайды, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      8. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасады.
      9. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
      10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi.
      Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
      11. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналар рұқсат етілмейді:
      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе құрал жабдықтарды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады