Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 13 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада № 4138 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 02.11.2020 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келiсiмi бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3447 тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      № 58 сайлау учаскесi жаңа редакцияда жазылсын:
      "№ 58 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Әжен ауылы, ауылдық клубтың ғимараты.
      Шекарасы: Әжен ауылы, Мағзом, Терек, Мұқат, Қосжан, Қарақұл, Әпет қыстақтары, Бисен ауылының М. Мәметова көшесі, Үшқұдық, Комплекс қыстақтары.";
      № 60 сайлау учаскесi жаңа редакцияда жазылсын:
      "№ 60 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Хан Ордасы ауылы, Жәңгір хан көшесі, 37 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Хан Ордасы ауылы және Хан Ордасы ауылының А. Оразбаева көшесiнiң батыс бетi.";
      № 65 сайлау учаскесi жаңа редакцияда жазылсын:
      "№ 65 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Бисен ауылы, Б.Жәнекешев көшесі, 18 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
      Шекарасы: Бисен ауылы (Бисен ауылының М. Мәметова көшесі және Үшқұдық, Комплекс қыстақтарын қоспағанда).";
      № 75 сайлау учаскесi жаңа редакцияда жазылсын:
      "№ 75 сайлау учаскесі
      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32 үй, "Бөкей ордасы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Сайқын ауылы, Әзербаев, Орда, Жәнекешов, Тайманов, Бейбiтшiлiк, Қазақстан, Шағыров, Х. Чурин, Абай көшелерi және Подстанция, Машдвор, Аэропорт тұрғындары.".
      2. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Бөкей ордасы ауданының аумағындағы сайлау учаскелерiндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Рахымжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөкей ордасы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
____________ Е. Ж. Айтқалиев
27.10.2015ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады