Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі Хан ордасы ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 маусымда № 3932 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Хан ордасы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Орда ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі Хан ордасы ауылының мынадай көшелері:
      "Барханная" көшесі – "С. Меңдешов" көшесі;
      "Больничная" көшесі – "А. Герасимов" көшесі;
      "Водстрой № 1" көшесі – "Мұхаммед-Салық Бабажанов" көшесі;
      "Водстрой № 2" көшесі – "Хиуаз Доспанова" көшесі;
      "Мирная" көшесі – "А. Құсайынов" көшесі;
      "Советская" көшесі – "Ш. Жексенбаев" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Орда ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М. Сисенов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Орда ауылдық округі әкімі М. Аққалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады