"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 60 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 наурызда № 3832 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 10.03.2017 № 35 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж. Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Қуаналиевке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Мұқаев

  2015 жылғы 16 қаңтардағы № 60
Жәнібек ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі, № 35.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) Жәнібек ауданының жергілікті атқарушы билік органының ветеринария саласындағы қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру–құқықтық қамтамасыз ету;
      2) ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
      15. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      12) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      14) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      15) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      18) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      19) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
      2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ауданның әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
      2) мемлекеттік органның қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
      4) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      5) бұйрықтарға қол қояды;
      6) барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      7) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;
      8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
      9) мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыс және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;
      10) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;
      11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      20. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады