Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі Қамысты ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 14 қазандағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қарашада № 4131 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қамысты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қамысты ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі Қамысты ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Советская" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Е. Ниетқалиев" көшесі – "Өтепқалиев Мұқаммаш" көшесі;
      "Мир" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Гагарин" көшесі – "М. Мәметова" көшесі;
      "Кольцевая" көшесі – "Рахметолла Егізбаев" көшесі;
      "Суров" көшесі – "Мұқағали Мақатаев" көшесі;
      "Коммунист" көшесі – "Абай" көшесі;
      "Ленин" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Москва" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Рабочая" көшесі – "М. Дәрішев" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Абылай хан" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қамысты ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Г. Хайрушева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады