Зеленов ауданы Көшім ауылдық округінің Үлкен Шаған, Көшім ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 70 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4241 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Үлкен Шаған, Көшім ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Көшім ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зеленов ауданы Көшім ауылдық округінің Үлкен Шаған, Көшім ауылдарының мынадай көшелері қайта аталсын:
      1) Үлкен Шаған ауылы бойынша:
      "Зеленая" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Мирная" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      2) Көшім ауылы бойынша:
      "Школьная" көшесі – "Мектеп" көшесі.
      2. Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Д. Б. Асангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көшім ауылдық округінің әкімі А. Дуйжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады