Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 303 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қазанда № 4112 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 100 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 29.03.2018 № 100 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Казталов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бостандық ауылы – Казталов ауылы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі бір километрге 6,25 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Ислямов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (А. Берденов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
С. Бегжанов
      КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы:
Мәслихат хатшысы:
21 қыркүйек 2015 жыл
Б. М. Бердалиев Е. Ғ. Ғазизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады