Қаратөбе ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 "Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 26 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қазанда № 4125 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратөбе ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 "Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3463 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қаратөбе ауданының сайлау учаскелеріндегі өзгерістер туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
      3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (К. Суйеугалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін. 
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шахаров

      КЕЛІСІЛДІ:
Қаратөбе аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
__________К. Суйеугалиев
20.10.2015 ж.

  2015 жылғы 22 қазандағы № 26
аудан әкiмiнiң шешiмiне
қосымша
2014 жылғы 17 наурыздағы № 4
аудан әкiмiнiң шешiмiне
қосымша

Сайлау учаскелерiнiң нөмiрлерi

Сайлау учаскелерiнiң шекаралары

Орналасқан жері

1
№ 267
Қоржын ауылы, Битшағыл, Жеті-қыз, Көлқамыс, Қожанияз, Жұмағали қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Қоржын ауылы, Т. Шамғонов көшесі № 11, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
2
№ 268
Қосбаз ауылы, Сарықұмақ қыстағы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Қосбаз ауылы, Қосбаз ауылы № 25 бөлімше кітапханасының ғимараты
3
№ 270
Аққозы ауылы, Бесоба ауылы, Баекес, Нұржаубаз, Хасан ағашы, Батпаншар қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Бесоба ауылы, Бесоба көшесі, № 38 үй, "Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "А. Әділов атындағы Жалғызағаш бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
4
№ 271
Егіндікөл ауылы, Жігерлен, Калинин, Тұрғанбай, Жамансай, Бұлақсай қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі, Егіндікөл ауылы, Сейфуллин көшесі, № 2 үй, ауылдық клуб ғимараты
5
№ 272
Жусандыой ауылы, Абуталы, Қоңыркөл, Жабу, Қарасу қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандыой ауылдық округі, Жусандыой ауылы, Жамбыл көшесі № 22/1, ауылдық клуб ғимараты
6
№ 273
Ханкөл ауылы, Ұмтыл, Тұрым қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылы, Бейбитшилик көшесі, № 1 үй, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
7
№ 274
Ақтай ауылы, Жақсыбай қыстағы
Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Ақтай ауылы, Қазақстан көшесі, № 15 үй, ауылдық клуб ғимараты
8
№ 275
Алакөл ауылы, Қоскөл ауылы, Сәрсенғали, Мүсірәлі қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Алакөл ауылы, Абай көшесі, № 63 үй, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Алакөл негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
9
№ 277
Қаратөбе ауылы, Тоқсейт қыстағы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Курмангалиев көшесі, № 24 үй, "Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратөбе" спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты
10
№ 278
Қаратөбе ауылы, Үркіш қыстағы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Курмангалиев көшесі, № 24 үй, "Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратөбе" спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты
11
№ 279
Қоскөл ауылы, Құрылыс, Боранбай, Қамыстыкөл, Арпаш қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Қоскөл ауылы, Қаржауов көшесі, № 43 үй, ауылдық клуб ғимараты
12
№ 280
Шалғын ауылы, Шұғыла, Үшаудан, Қален, Шәмші, Ақбаз қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Шалғын ауылы, Шалғын көшесі, № 72 үй, ауылдық клуб ғимараты
13
№ 281
Қарақамыс ауылы, Ақбақай, Ағалық, Түркебай, Қарақұдық, Тұрмағанбет, Нияз, Бернияз, Жолқұдық, Үшкемпір, Мәші, Таласқұдық, Толғанбай қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Қарақамыс ауылы, Мұхит көшесі, № 87 үй, ауылдық клуб ғимараты
14
№ 282
Сәуле ауылы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Сәуле ауылы, Т. Иманғазиев көшесі, № 46 үй, ауылдық клуб ғимараты
15
№ 283
Сулыкөл ауылы, Дәуеш, Сахып, қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Сулыкөл ауылы, Жабаев көшесі, құрылыс № 46, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты
16
№ 284
Үшана ауылы, Шала, Құрылыс, Қарасай, Көкөгіз, Жанбақ, Жаңабағыт, Шошқалыой қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Үшана ауылы, "Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Б. Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
17
№ 285
Төлен ауылы, Рахпан, Еркебай қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Төлен ауылы, Төлен көшесі № 26, Төлен ауылы № 11 бөлімше кітапханасының ғимараты
18
№ 286
Темірбек ауылы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Темірбек ауылы, Темірбек ауылы № 12 бөлімше кітапханасының ғимараты
19
№ 287
Шөптікөл ауылы, Айтқали, Бесоба, Алтыбаз, Ескі Шөптікөл, Ақкөл қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылы, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы "Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
20
№ 288
Үшағаш ауылы, Ашыкөл, Ортатөбе қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылы, Үшағаш көшесі № 106 үй, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Үшағаш негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
21
№ 289
Соналы ауылы, Ақайдар, Қолқұдық, қыстақтары
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Соналы ауылы, Соналы көшесі, құрылыс № 8, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады