Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі Сулыкөл ауылындағы көше атауын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 4174 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Сулыкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Сулыкөл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі Сулыкөл ауылының "В. Ленин" көшесі – "Алтын ғасыр" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Нурбергенов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Б. Муса

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады