Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округінің Амангелді ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 тамызда № 3986 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Амангелді ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округінің Амангелді ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Чапаев" көшесі – "Сұлтанғали Лұқпанов" көшесі;
      "Юбилейная" көшесі – "Таңшолпан" көшесі;
      "60 лет Октября" көшесі – "Сарайшық" көшесі;
      "Гагарин" көшесі – "Тұрар Рысқұлов" көшесі;
      "Газовиков" көшесі – "Хамза Есенжанов" көшесі;
      "Центральная" көшесі – "Садық Жақсығұлов" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Саржайлау" көшесі;
      "Мир" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Ленин" көшесі – "Астана" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Шакаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Амангелді ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы С. Бектемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады