«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 10539 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесінде:
7-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
«7. Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) жүйелi тiркеу құқық иеленушiлердiң өтiнiшi келiп түскен және (немесе) бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы шынайы деректер басқа ақпараттық жүйелерден ауыстырылған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.»;
14-тармақ келесі мазмұнда жазылсын:
«14. Бастапқы және кейiнгi объектiлерге бұрын туындаған құқықтарды есептiк тiркеудi жүзеге асыру кезiнде құқық иеленушінің жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорты ұсынылмайды. Жүйелi тiркеудi жүргiзу кезiнде мемлекеттік тексеруді техникалық жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк техникалық есепке алу құзыретiне кіретін «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттiк корпорациясы өтеусiз жүзеге асырады.».
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің міндетін атқарушы З.Баймолдина
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
____________А. Исекешев
2016 жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Ұлттық экономика
министрі министрінің міндетін атқарушысы
____________Е. Досаев __________М.Құсайынов
2016 жылғы «__»_________ 2016 жылғы «__»_________