"Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13082 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 342 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.08.2020 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызмет көрсетулер" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін кызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) и 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов


  ҚР Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 27 бұйрығымен бекітілген

Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1. Жалпы ережелер

      1. Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 630 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12385 болып тіркелген) "Ересектерге педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беруді ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: тиісті бағдарлама бойынша жеке үлгіде және/немесе белгіленген нысанда сертификат беру.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастауға Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ұсынған өтініші мен құжаттар топтамасы (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) негіз болады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметті алушылардың құжаттарын қабылдайды және өтінішін тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді (күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде);

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарастырады (күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде).

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны құжаттарды қабылдау немесе кері қайтару туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының сауалнамасындағы қызметтік мәлімет бойынша хабарлайды (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

      4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін құрады (күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

      6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларды Курсқа қабылдау бойынша бұйрық шығарады (Курс басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

      7) көрсетілетін қызметті беруші Курсты келесі күнтізбелік жылдың басынан бастап бекітілген оқыту кестесіне сәйкес жүргізеді (күнтізбелік 7 (жеті) мен 270 (екі жүз жетпіс) күн ішінде);

      8) көрсетілетін қызметті беруші Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың дайындық деңгейін қорытынды бағалауды өткізеді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);

      9) көрсетілетін қызметті беруші сәтті бағалау қорытындысы бойынша сертификат береді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің әрбір рәсімінің (әрекетінің) нәтижелері:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің кіріс нөмірі;

      2) көрсетілетін қызметті алушылардың құрылған тізімдері;

      3) көрсетілетін қызметті алушылардың бекітілген тізімдері;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы;

      6) бекітілген оқыту кестесі;

      5) қорытынды бағалау хаттамасы;

      6) сертификат беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      4) көрсетілетін қызметті беруші.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттары мен өтінішін қабылдап, жауапты орындаушыға жібереді (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде) жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарастырады (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны құжаттарды қабылдау немесе кері қайтару туралы ақпаратты қызметті алушының сауалнамасындағы қызметтік мәлімет бойынша хабарлайды (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

      4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін құрады (күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді (күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде);

      6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыларды Курсқа қабылдау бойынша бұйрық шығарады (Курс басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде);

      7) көрсетілетін қызметті беруші Курсты келесі күнтізбелік жылдың басынан бастап бекітілген оқыту кестесіне сәйкес жүргізеді (күнтізбелік 7 (жеті) мен 270 (екі жүз жетпіс) күн ішінде);

      8) көрсетілетін қызметті беруші Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың дайындық деңгейін қорытынды бағалауды өткізеді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде);

      9) көрсетілетін қызметті беруші сәтті бағалау қорытындысы бойынша сертификат береді (күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы Регламент қосымшасына сәйкес қызмет көрсетушілердің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) өзара әрекеттестігі блок-сызбасында берілген.

  "Ересектерге педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру
бойынша қосымша білім беруді
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігі бойынша блок-сызба

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 25.10.2017 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен



 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады