"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 және "Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қарашада № 30536 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11854 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Әдістемеге сәйкес айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бір кезеңдік конкурс бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу құнына техникалық тапсырманы, жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге арналған шығыстар кіреді.

      Жобалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыс құнын, сондай-ақ үлгілік жоба болған жағдайда ЖСҚ байланыстыру бойынша шығыстарды есептеу "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) "Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13095 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесінде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызмет бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Pn = Сn x (1 + R), мұндағы:

      Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;

      R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.

      4. Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Сn = cl x ln, мұндағы:

      Сn (cost) – тиісті Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны;

      cl – 1 адам – сағат құны;

      ln – Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 79 Бұйрыққа
қосымша
  Бюджеттік инвестициялар,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік, оның ішінде
концессиялар, мемлекеттік
кепілдіктер беру үшін
инвестициялық жобалар және
техникалық-экономикалық
негіздеме әзірлеуді талап ететін
бюджеттік инвестициялық
жобаларды бюджеттік
кредиттеу, қаржы агенттерінің
мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруы мәселелері
бойынша республикалық
бюджет қаражаты есебінен
сараптама жүргізу және
құжаттаманы бағалау құнын
айқындау әдістемесіне
қосымша

Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындары

Р/с №

Көрсетілетін қызмет түрі

Қызметті көрсетуге арналған еңбек шығындары (адам-сағат)

1.

Жобалардың барлық түрлеріне, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында жобалау-сметалық құжаттамасы бар (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) конкурстық құжаттама; екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар, оның ішінде түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар конкурстық құжаттама; екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттама; өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурстық құжаттама; екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған концессиялық өтінім; екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар концессиялық өтінім; концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстары; мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар; республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар, оның ішінде түзетілгендері; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелер; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың (жаңа құрылған) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар; қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит берудің қаржы-экономикалық негіздемесі; жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысты, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспары; екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасы; екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасы бойынша сараптама

27 680

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру кағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау

6 391,5541

3.

Қағидаларға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау

9 681,4251

4.

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау

4 916,58

5.

бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау

7 447,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады