Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13107 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 136 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 16.04.2021 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы

      24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 25 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2016 жылғы 25 қаңтардағы
№ 25 бұйрығымен
бекітілді

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ашық деректер тізбесі

р/с №

Ашық деректер жиынтығының атауы

Жаңартып отыру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөзі (ашық деректер интернет- порталының АЖО-сы арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы)

Жауапты

1.

Қазақстан Республикасы нда мұнай өндіру көлемі

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

2.

Қазақстан Республикасы нда газ өндіру көлемі

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Газ өнеркәсібін дамыту департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологияларжәне мемлекеттік қызметтер департаменті)

3.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары нының тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтерінде гі жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

4.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары ның тауарларындағы жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңгай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

5.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары ның көрсететін қызметтерінде гі жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

6.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары ның жұмыстарынд ағы жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

7.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары ның кадрларындағы жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

8.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары ның 1-санатты кадрларындағы (басшылық құрам) жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану департаменті (техникалық бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

9.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары ның 2-санатты кадрларындағы (жоғары және орта кәсіби білімді мамандар) жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану департаменті (техникалық жер қойнауын бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)

10.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары ның 3-санатты кадрларындағы (білікті жұмыскерлер) жергілікті қамту

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы ("Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі)

Жер қойнауын пайдалану жүйесі арқылы департаменті (техникалық жер қойнауын бөлігі бойынша Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер департаменті)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады