Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13113 болып тіркелді

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар бекітілсін.
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты
М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2016 жылғы 13 қаңтардағы 
№ 21 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери,
арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен
интернет-ресурстарына қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

      1.  Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының (бұдан әрі – ІІМ жоғары оқу орындары) ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Талаптар ІІМ жоғары оқу орындарындағы ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстардың мазмұны мен жұмыс істеу тәртібін анықтайды.
      3. ІІМ жоғары оқу орындары ақпараттық жүйелер мен ннтернет-ресурстарды оқу, ғылыми, тәрбиелік және инновациялық қызметте ІІМ жоғары оқу орындарының жетістіктерін танымал ету және тәжірибесін тарату мақсатында пайдаланады.
      4. Осы Талаптарда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттық жүйе – деректерді жинақтауды, сақтауды, мақсатты түрлендіруді және қашықтықтан жіберуді қамтамасыз ететін ақпараттың автоматтандырылған түрде өңдеу жүйесі;
      2) білім беру порталы – пайдаланушыларға ішкі білім беру ресурстарына бірыңғай авторландырылған дербестендірілген қолжетімдікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
      3) динамикалық ақпарат – ІІМ жоғары оқу орындарының ағымдағы қызметін көрсететін, уақытша сипатқа ие ақпарат (перспективті даму, өзекті оқиғалар, басым бағыттар);
      4) интернет-ресурстар – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электронды ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы;
      5) статистикалық ақпарат – тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие, ІІМ жоғары оқу орнының ішкі қызметін көрсететін ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, құрылымы, ІІМ жоғары оқу орнының Жарғысы);
      6) электронды-кітапханалық жүйе – білім беру процесінде пайдаланылатын, тақырыптық және мақсатты белгілері бойынша бірлескен, қосымша сервистермен жабдықталған, құжаттарды іздеу және олармен жұмыс істеуді жеңілдететін және өзге де нормативтік құқықтық актілердің барлық талаптарына сәйкес келетін электронды құжаттар жиынтығы.
      7) электрондық журнал – ІІМ-нің жоғары оқу орындарының білім алушылардың үлгерімін бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

2. Ақпараттық-жүйелерге қойылатын талаптар

      5. ІІМ жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесі:
      1) білім беру порталын;
      2) электронды-кітапханалық жүйені қамтиды.
      6. Білім беру порталы:
      1) академиялық күнтізбені;
      2) сабақ кестесін;
      3) электрондық журналды қамтиды.
      7. Білім беру порталы: білім беру бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құжаттарды, білім алушылардың академиялық рейтингін, білім беру мониторингін қамтиды.
      8. ІІМ жоғары оқу орнының білім беру порталына тек авторландырылған қолданушылардың: білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның және әкімшілік-басқару персоналдың білім беру порталына қолжетімділігі шегінде қолжетімді.
      9. Авторландырылған қолданушылардың қолжетімдігін ІІМ жоғары оқу орындары дербес анықтайды.
      10. Білім беру порталында қолданушыларды авторландыруды және аутентификациялауды білім беру порталына әкімшік етуді жүзеге асыратын ІІМ жоғары оқу орнының тиісті бөлінісі логиндар мен парольдарды құру арқылы жүргізеді.
      11. Электрондық журнал білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау (ағымдағы үлгерімі, шектік бақылаудың орташа бағасы және рейтинг-рұқсат ету бағасы), аралық және қорытынды аттестаттау бағалары туралы ақпаратты және олардың электрондық ведомосін қамтиды.
      12. Электрондық журналды журналдың тиісті бөлімдеріне қолжетімдігі бар профессорлық-оқытушылық құрамы толтырады.
      13. Электрондық журналдың жұмысын бақылауды электрондық журналды үлгілеуді жүзеге асыратын білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлінісі жүзеге асырады.
      14. Білім беру порталының сервері бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жағдайларын, техникалық жұмыстарды немесе басқа да көзделмеген мән-жайларды қоспағанда, тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істейді және қолжетімді.
      15. Серверді техникалық қолдауды, оның тәулік бойы жұмысын ұйымдастыруды, білім беру порталына әкімшілік етуді жүзеге асыратын ІІМ жоғары оқу орнының тиісті бөлінісі қамтамасыз етеді.
      16. ІІМ жоғары оқу орнының электронды-кітапханалық жүйесі кітапхана процесін кешенді автоматтандыруды және электронды каталогтарды, сондай-ақ деректердің толық мәтіндік базасын құруды көздейді.
      17. ІІМ жоғары оқу орнының электронды-кітапханалық жүйесі мынадай негізгі модульдерді қамтиды:
      1) Әкімшілік ету;
      2) жинақтау;
      3) каталогтау;
      4) оқырман іздеуі;
      5) мақалалар картотекасы;
      6) пайдаланушылар картотекасы;
      7) кітап беру.
      18. ІІМ жоғары оқу орнының электронды-кітапханалық жүйесіне әкімшілік ету білім беру порталына әкімшілік етуді жүзеге асыратын бөлініспен бірлесе отырып, тиісті кітапханаға жүктеледі.

2. Интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      19. ІІМ жоғары оқу орындарының интернет-ресурстары:
      1) ІІМ жоғары оқу орны туралы жалпы ақпаратты, құрылымдық бөліністердің тізбесін, ІІМ жоғары оқу орындарының және оның құрылымдық бөліністерінің басшылары туралы мәліметті;
      2) халықаралық ынтымақтастық, білім беру бағдарламалары туралы, ғылыми қызмет, оқу-тәрбие жұмысы бөлімдері, диссертациялық кеңестің қызметі туралы мәліметтерді (ол болған кезде);
      3) статистикалық және аналитикалық деректерді;
      4) білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
      5) ішкі істер органдарының (құқық қорғау органдары) қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
      6) білім беру порталына, электронды кітапханаға, қашықтықтан білім беру порталына, ресми сайттарға, серіктес ұйымның сайттарына сілтемелерді;
      7) ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға кандидаттарға арналған ақпаратты;
      8) байланысу ақпаратын;
      9) ІІМ жоғары оқу орны бастығының блогын;
      10) жаңалықтар жолағын;
      11) ғылыми конференциялардың, семинарлар мен тренингтердің, оқу-әдістемелік жинақтардың, ресми сапарлар мен кездесулер кестесін қамтиды.
      20. ІІМ жоғары оқу орындары өткізетін халықаралық іс-шаралар, форумдар, семинарлар, конференциялар, жарыстар, оқу-әдістемелік жиындар туралы ақпарат жоспарланған өткізу күніне дейін жарты жылдан кешіктірілмей интернет-ресурстарда орналастырылады.
      21. Интернет-ресурстарда орналастырылатын динамикалық ақпарат жаңа ақпараттың келіп түсуіне қарай кезең-кезеңімен жаңартылып тұрады.
      22. ІІМ жоғары оқу орындарының интернет-ресурстарында орналастырылатын статистикалық ақпараттар тоқсан сайын жаңартылып отырады.
      23. ІІМ жоғары оқу орындарының интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары, сондай-ақ ІІМ жоғары оқу орындарының ресми символикасы мен логотипі орналастырылады.
      24. Интернет-ресурстар ІІМ жоғары оқу орындарының Жарғысына сәйкес оның қызметіне қатысты ақпаратты, меншікті ақпараттық ресурстарға, сондай-ақ құқық иеленушілермен жасалған шарттар мен келісімдер негізінде басқа да ұйымдардың ресми сайттар мен жоғары оқу орындарының білім беру порталдарындағы ресурстарға сілтемелерді қамтиды.
      25. Интернет-ресурстарда орналастырылатын ақпарат ең кемі екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады