Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13184 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында ескерілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2016 жылғы 28 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
1-қосымша

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері

      Ескерту. Деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері (бұдан әрі - Міндетті деректемелер) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 63) тармағына сәйкес әзірленген және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін белгілейді.

      2. Осы Міндетті деректемелерде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жедел хабарлама - жедел қысқа хабарлама режимінде ұялы байланыс желісі абоненті мен сервистік қосымша арасында интерактивті өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректерді беру технологиясы;

      2) қысқа мәтінді хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

      3) матрицалық код - "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты түрде сәйкестендіру және бөлу әдістері. OR 2005 штрих коды нышандарының ерекшелігі" ҚР СТ ИСО/ХЭК 18004-2009 стандартына сәйкес электрондық құжатқа енгізілген матрицалық екі өлшемдік штрих код түріндегі, оның техникалық құралдармен оқу мүмкіндігін білдіретін графикалық ақпарат;

      4) электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет - пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі көрсетілетін қызмет;

      5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;

      6) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      7) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық қамтылым;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе.

2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері

      3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық құжат нысанында "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне жіберілген электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі мынадай міндетті деректемелерді:

      1) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде:

      электрондық құжаттың бірегей нөмірін;

      мемлекеттік және өзге де қызметті электрондық нысанда алған күнін;

      көрсетілетін қызметті алушының Жеке сәйкестендіру нөмірін/Бизнес сәйкестендіру нөмірін;

      матрицалық кодты;

      2) қысқа мәтінді хабарлама және жедел хабарлама арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде:

      электрондық құжаттың бірегей нөмірін;

      көрсетілетін қызметті алушының Жеке сәйкестендіру нөмірін/Бизнес сәйкестендіру нөмірін қамтиды.

      4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы өзге де қызметтер көрсетудің міндетті деректемелері олар үшін міндетті деректемелер талап етілмейтін электрондық нысандағы көрсетілетін ақпараттық қызметтерді қоспағанда, осы міндетті деректеменің 3-тармағында көрсетілген міндетті деректемелер болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
2-қосымша

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) матрицалық код - "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты түрде сәйкестендіру және бөлу" ҚР СТ ИСО/ХЭК 18004-2009 стандартына сәйкес электрондық құжатқа енгізілген матрицалық екі өлшемдік штрих код түріндегі, оның техникалық құралдармен оқу мүмкіндігін білдіретін графикалық ақпарат;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бір терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс, Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге рұқсат беретін бағдарлама;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру тәртібі

      3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілген электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижесі болып табылатын электрондық құжаттарда қамтылған міндетті деректемелердің анықтығы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымдық адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпарат матрицалық кодтан тиісті ақпаратты алу жолымен тексеріледі.

      4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық құжаттарға электрондық құжаттардың тиесілігі "электрондық үкімет" веб порталымен қалыптастырылған және берілген электрондық құжаттың бірегей нөмірімен расталады.

      5. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру "электрондық үкіметтің" веб-порталында, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

      5-тармақта көрсетілген тексеруді жүргізу үшін пайдаланушы "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған көрсетілетін қызметті тексеру" сервисін таңдайды, электрондық құжаттың бірегей нөмірі мен көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін енгізеді және тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда, пайдаланушыға оның нәтижесін көру мүмкіндігімен көрсетілген қызмет және электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау қортындысы бойынша құжатқа қол қойған көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Тексерудің теріс нәтижесі болған жағдайда, электрондық құжатты тексеру кезінде енгізілген нөмірмен және жеке сәйкестендіру нөмірмен/бизнес сәйкестендіру нөмірмен электрондық құжаттың жоқ екендігі туралы хабарлама шығады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады