Кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 18201 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13184 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің дұрыстығын тексеру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13191 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидарларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;

      3) дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі - база) - ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы;

      4) жедел хабарлама - жедел қысқа хабарлама режимінде ұялы байланыс желісі абоненті мен сервистік қосымша арасында интерактивті өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректерді беру технологиясы;

      5) композиттік қызмет - берілуі үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру міндетті болатын өзара байланысты көрсетілетін қызметтер кешені;

      6) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      7) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      8) қысқа мәтінді хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

      9) логин - порталдағы пайдаланушының есептік жазбаларының аты (сәйкестендіруші);

      10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      11) сәйкестендіру - жүйеде бар қол жеткізудің ұсынылған деректемелерінің сәйкестігін айқындау жолымен қол жеткізу субъектісінің немесе объектісінің түпнұсқалығын растау;

      12) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;

      13) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      14) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы (бұдан әрі - мобильдік қосымша) - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық өнім;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыныптауға портал және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер жатады.".

      3. "Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетті атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13195 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 60) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) абоненттік нөмір - басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;

      4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының есептік жазбасы (бұдан әрі - пайдаланушының есептік жазбасы) - пайдаланушыны тану (сәйкестендіру) және "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіндегі оның дербес деректері мен баптауларына қол жеткізу үшін қажетті, "электронды үкіметтің" веб-порталында сақталатын пайдаланушы туралы электрондық ақпараттық ресурстардың жиынтығы;

      7) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы (бұдан әрі - мобильдік қосымша) - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық өнім.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны порталдың есептік жазбасына қосу тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны порталдың есептік жазбасына қосу порталда, мобильдік қосымшада немесе Мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны порталдың есептік жазбасына қосу кезінде бас тарту абоненттің абоненттік нөмірінің тиесілігін растау үшін порталда құрылған және жіберілген қысқа мәтіндік хабарлама түріндегі абоненттік нөмірге абонент алған бір реттік парольді қате енгізген кезде сол мезетте жүзеге асырылады.

      Бас тартқан жағдайда, абоненттің абоненттік нөмірін одан әрі тіркеу және оны қосу абонент немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дұрыс енгізілмеген бір реттік парольді түзеткеннен кейін жүзеге асырылады.";

      қосымша осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 27.08.2024 № 380-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
1-қосымша

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері (бұдан әрі - Міндетті деректемелер) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 63) тармағына сәйкес әзірленген және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін белгілейді.

      2. Осы Міндетті деректемелерде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жедел хабарлама - жедел қысқа хабарлама режимінде ұялы байланыс желісі абоненті мен сервистік қосымша арасында интерактивті өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректерді беру технологиясы;

      2) қысқа мәтінді хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

      3) матрицалық код - "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты түрде сәйкестендіру және бөлу әдістері. OR 2005 штрих коды нышандарының ерекшелігі" ҚР СТ ИСО/ХЭК 18004-2009 стандартына сәйкес электрондық құжатқа енгізілген матрицалық екі өлшемдік штрих код түріндегі, оның техникалық құралдармен оқу мүмкіндігін білдіретін графикалық ақпарат;

      4) электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет - пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі көрсетілетін қызмет;

      5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;

      6) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      7) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық қамтылым;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе.

2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері

      3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық құжат нысанында "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне жіберілген электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі мынадай міндетті деректемелерді:

      1) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде:

      электрондық құжаттың бірегей нөмірін;

      мемлекеттік және өзге де қызметті электрондық нысанда алған күнін;

      көрсетілетін қызметті алушының Жеке сәйкестендіру нөмірін/Бизнес сәйкестендіру нөмірін;

      матрицалық кодты;

      2) қысқа мәтінді хабарлама және жедел хабарлама арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде:

      электрондық құжаттың бірегей нөмірін;

      көрсетілетін қызметті алушының Жеке сәйкестендіру нөмірін/Бизнес сәйкестендіру нөмірін қамтиды.

      4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы өзге де қызметтер көрсетудің міндетті деректемелері олар үшін міндетті деректемелер талап етілмейтін электрондық нысандағы көрсетілетін ақпараттық қызметтерді қоспағанда, осы міндетті деректеменің 3-тармағында көрсетілген міндетті деректемелер болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
2-қосымша

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) матрицалық код - "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты түрде сәйкестендіру және бөлу" ҚР СТ ИСО/ХЭК 18004-2009 стандартына сәйкес электрондық құжатқа енгізілген матрицалық екі өлшемдік штрих код түріндегі, оның техникалық құралдармен оқу мүмкіндігін білдіретін графикалық ақпарат;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бір терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс, Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге рұқсат беретін бағдарлама;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру тәртібі

      3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілген электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижесі болып табылатын электрондық құжаттарда қамтылған міндетті деректемелердің анықтығы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымдық адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпарат матрицалық кодтан тиісті ақпаратты алу жолымен тексеріледі.

      4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық құжаттарға электрондық құжаттардың тиесілігі "электрондық үкімет" веб порталымен қалыптастырылған және берілген электрондық құжаттың бірегей нөмірімен расталады.

      5. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру "электрондық үкіметтің" веб-порталында, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

      5-тармақта көрсетілген тексеруді жүргізу үшін пайдаланушы "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған көрсетілетін қызметті тексеру" сервисін таңдайды, электрондық құжаттың бірегей нөмірі мен көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін енгізеді және тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда, пайдаланушыға оның нәтижесін көру мүмкіндігімен көрсетілген қызмет және электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау қортындысы бойынша құжатқа қол қойған көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Тексерудің теріс нәтижесі болған жағдайда, электрондық құжатты тексеру кезінде енгізілген нөмірмен және жеке сәйкестендіру нөмірмен/бизнес сәйкестендіру нөмірмен электрондық құжаттың жоқ екендігі туралы хабарлама шығады.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
3-қосымша
  Ұялы байланыстың абоненттік
құрылғысы арқылы электрондық
нысанда мемлекеттік және өзге
де көрсетілетін қызметтерді алу
үшін, ұялы байланыс операторы
беретін абоненттің абоненттік
нөмірін тіркеу және оны
"электрондық үкіметтің"
веб-порталының есептік
жазбасына қосу
қағидаларына
қосымша

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеуге және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосуға өтініш

Бірегей нөмірі



      Жеке тұлғаның сәйкестендіру деректері:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________________

      Тегі: ______________________________________________________________________

      Аты:______________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда): ___________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы: __________________________________________

      Телефоны: ________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалана отырып, абоненттік нөмірді "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу туралы келісіммен таныстым, қарсылығым жоқ.

      Заңнамада көзделген жағдайларда, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын және ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы ______________________________________________________

      Күні 20____ жылғы "___" ____________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады