Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13191 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7 бабының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен бекітілген

Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 62) тармақшасына сәйкес әзірленді және көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидарларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;

      3) дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі - база) - ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы;

      4) жедел хабарлама - жедел қысқа хабарлама режимінде ұялы байланыс желісі абоненті мен сервистік қосымша арасында интерактивті өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректерді беру технологиясы;

      5) композиттік қызмет - берілуі үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру міндетті болатын өзара байланысты көрсетілетін қызметтер кешені;

      6) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      7) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      8) қысқа мәтінді хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

      9) логин - порталдағы пайдаланушының есептік жазбаларының аты (сәйкестендіруші);

      10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      11) сәйкестендіру - жүйеде бар қол жеткізудің ұсынылған деректемелерінің сәйкестігін айқындау жолымен қол жеткізу субъектісінің немесе объектісінің түпнұсқалығын растау;

      12) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;

      13) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      14) "электрондық үкіметтің" мобильдік қосымшасы (бұдан әрі - мобильдік қосымша) - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық өнім;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Электрондық нысандағы әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін сәйкестендірудің тәсілін анықтау мақсатында мынадай өлшемдер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау жүргізіледі:

      1) мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін үшінші тұлғалармен заңсыз алумен байланысты қызмет беруші және (немесе) қызмет алушы үшін қолайсыз салдарының болуы мүмкіндігін анықтайтын дербес деректерден ықтималды залалдарының тәуекелі.

      Залалдың мүмкіндігін бағалау қызмет берушімен жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызмет беруші базасында көрсетілетін қызмет алушы жөніндегі мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету қорытынды бойынша өзгерістер;

      3) өтінішті беру кезеңінен бастап және мемлекеттік қызметтердің көрсетілетін нәтижесін алғанға дейін мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі;

      4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 553-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ақылығы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.09.2024 № 545/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетулетін қызметтерді алу үшін қызмет алушылармен сәйкестендіру тәсілдері осы Қағиданың 1-қосымшасында келтірілген.

      5. Әрбір өлшем бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныптауы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) егер мемлекеттік қызмет дербес деректерді ашуда көрсетілетін қызметті алушыға және/немесе көрсетілетін қызметті берушіге ықтималды залал тәуекелі болған жағдайда, онда 2 балл белгіленеді. Егер тәуекел болмаса, 1 балл белгіленеді;

      2) егер мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің базасындағы мәліметтерді өзгертуге әкелсе, онда 2 балл беріледі. Егер мемлекеттік қызметті көрсету базадағы мәліметтерді өзгертуге әкелмесе, онда 0 балл беріледі (мұндай көрсетілетін қызметтер қатарына түрлі анықтамалар беру қызметтері жатқызылады);

      3) егер мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 30 минуттан асатын болса онда 1 балл беріледі. Егер мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 30 минуттан аспаса, онда 0 балл беріледі;

      4) егер мемлекеттік көрсетілетін қызметке мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы болса, онда 1 балл беріледі. Егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз түрде көрсетілетін болса, онда 0 балл беріледі.

      Баллдарды есептеу кестесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау өлшемдеріне сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау нәтижесі таңдап алынған өлшемдердің балдар сомасы болып табылады.

      0-ден 1-ге дейінгі қорытынды балл "логин/пароль" сәйкестендіру тәсілін қолданғанды білдіреді.

      2-ден 3-ке дейінгі қорытынды балл "логин/пароль + бір реттік пароль" сәйкестендіру тәсілін қолданғанды білдіреді.

      4-тен 6-ға дейінгі қорытынды балл "логин/пароль + ЭЦҚ" сәйкестендіру тәсілін қолданғанды білдіреді.

      6. Сыныптауға портал және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер жатады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 09.01.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныптауын өткізуде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламентін әзірлеуге жауапты әрбір мемлекеттік орган, дербес анықтайды.

      8. Әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сәйкестендірудің тәсілін өз бетінше анықтаудан кейін әрбір мемлекеттік орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптаудың нәтижелерін жібереді.

  Көрсетілетін қызметті
алушыны сәйкестендіру тәсілін
айқындау үшін электрондық
нысандағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді
сыныптау қағидаларына
1-қосымша

Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызмет алушыларды сәйкестендіру тәсілдері

      1. Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін сәйкестендірудің мынадай тәсілдері пайдаланылады:

      1) "Логин/пароль" тәсілінде көрсетілетін қызметті алушы логин мен парольді пайдалана отырып, порталға немесе мобильдік қосымшаға кіреді, мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, сұрауды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды.

      2) "Логин/пароль + ЭЦҚ" тәсілінде көрсетілетін қызметті алушы логин мен парольді пайдалана отырып, порталға немесе мобильдік қосымшаға кіреді, мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, сұрауды қалыптастырады және көрсетілетін қызмет берушіге жолдау үшін сұрау салуды ЭЦҚ куәландырады.

      3) "Логин/пароль + бір реттік пароль" тәсілінде көрсетілетін қызметті алушы логин мен парольді пайдалана отырып, порталға немесе мобильдік қосымшаға кіреді, мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, сұрауды қалыптастырады, қызмет алушының ұялы байланыс абоненттік нөміріне қызмет алушыға жіберілген бір реттік парольді енгізеді және көрсетілетін қызметті берушіге сұрауды жібереді.

      "Логин/пароль + бір реттік пароль" сәйкестендіруінің баламалы тәсілі "логин/пароль + ЭЦҚ" тәсілін пайдалану болып табылады.

      Жылдам хабарлама арқылы электрондық нысанда және қысқа тестілік хабарлама нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде бір реттік пароль қолданылмайды.

      2. Рұқсаттама құжаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және композиттік қызметтерге "логин/пароль + ЭЦҚ" сәйкестендіру тәсілі қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 17.10.2017 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Көрсетілетін қызметті
алушыны сәйкестендіру тәсілін
айқындау үшін электрондық
нысандағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді
сыныптау қағидаларына
2-қосымша

Баллдарды есептеу кестесі

Өлшем шарттар атауы

Нұсқалар

1-таңдау

Балл

2-таңдау

Балл

1

Дербес деректерді ашудан болатын ықтималды залал тәуекелі

тәуекел бар

2

тәуекел жоқ

1

2

Базадағы мәліметтердің өзгеруіне ықпалы

базада өзгерістерге әкелетін қызмет

2

базада өзгерістерге әкелмейтін қызмет

0

3

Қызметті көрсету мерзімі

белгілі бір уақытты қажет ететін қызмет (30 минуттан аса)

1

дереу көрсетілетін қызмет (30 минутқа дейін)

0

4

Қызметті көрсету ақысы

ақылы қызметтер

1

қалғандары

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады