Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілді |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері 20-40 минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10 кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-19-28, 74-19-45 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не болмаса Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Көрсетілетін қызметті берушінің.
13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.kds.mііd.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000
Осы аккредиттеу туралы куәлік _______________________________________________
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті орган _______________________________________
қала ___________ 20__ж. " " ___________
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
ӨТІНІШ
_________________________________________________________ -ге
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________-ден
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі
ұйым ретінде аккредиттеуді өтінемін
Мекенжай ___________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-maіl)
Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ______________________________
____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _____________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалармен басқару бойынша ұйымдарға қойылатын рұқсат етілетін талаптар
№ р | Рұқсат етілген талаптар | Рұқсат етілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Келесі мамандықтар бойынша бірінші деңгейдегі жауапкершілікті объектілер бойынша техникалық тексерісті жүзеге асыру бойынша ұштен кем емес аттестатталған сарапшылардың бар болуы: | Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
2 | "Жобаның басты инженері" және/немесе "Басты инженер" мамандығы бойынша аттестатталған инженер-техник жұмыскердің бірден кем емес болуы | Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
3 | Квалификацияланған инженер-сметшінің бірден кем емес болуы | Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
4 | Жеке мүліктік немесе басқа да заңдық негізде құқығы бар әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың бар болуы | Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
5 | Материалды-техникалық жабдықтардың бар болуы, жеке алғанда есептер жүргізуді, графикалық және басқа да материалдарды толықтыру және құрастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар жұмыс станциясының бар болуы | Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
Мәліметтер нысаны
1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________
2) Лауазымы _________________________________________________________
3) Осы ұйымда жұмыс жасайды _________________________________________
(тұрақты немесе уақытша көрсету)
4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________
(мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету)
5) Оқу орнының атауы ________________________________________________
6) Бітірген жылы _____________________________________________________
7) Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________
8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________
9) Сарапшының аттестаты _____________________________________________
(берілген күні мен нөмірін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық жайлар туралы мәліметтер
10) Мекенжайы: _____________________________________________________
____________________________________________________________________
11) Алаңы___________________________________________________________
12) жеке мүлік немесе басқа заң негізінде құқығы барын растайтын құжат атауы және
деректемелер____________________________________________________
Материалдық-техникалық жабдықтар туралы мәліметтер
13) Атауы:___________________________________________________________
____________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі _____________________________________________________
15) Саны ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі_________________________________________________
17) Ескертпе________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________