"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13234 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!  

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) тіркеу-емтихан пункті (бұдан әрі – ТЕП) – көлік құралдарын тіркеу және есепке алу бойынша рәсімдерді жүзеге асыратын, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ғимараттары мен үй-жайларында орналастырылған ІІО бөлінісі.»;
      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Көлік құралын байқау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісінде көрсетіледі және тегін, күнін көрсете отырып, байқауды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталады, Мемлекеттік корпорацияда байқау нәтижелері ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және көлік құралын байқауды жүзеге асыруға уәкілетті қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. ТЕП лауазымды адамдары және Мемлекеттік корпорация жұмыскерлері тіркеу іс-қимылдарын жасау кезiнде жеке басты куәландыратын құжаттың негізiнде көлiк құралдары иелерiнің жеке басын сәйкестендіреді.»;
      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мыналарды:
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін;
      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжаттарды;»;
      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы тармақтың 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.»;
      2526-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Көлік құралдары иелерінің қолда бар жоғары сұранысқа ие МТНБ тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕП пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастыру жолымен ұйымдастырылады.
      26. Көлік құралының иесі жүгінген кезде ТЕП-тің лауазымды адамы мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері көлік құралының иесі көрсеткен жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны тізбеден алуды жүргізеді және ақпаратты БАЖ-ға енгізеді.»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Көлік құралын есептен шығару үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) ТЕП-ке осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 6), 7), 10) - 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ ТЕП-ке МТНБ-ны тапсырады. КҚТК-де көлік құралын есептен шығарудың мән-жайларына сәйкес жазбалар жасалады, олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның мөрімен расталады.
      Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 9) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
      Жеке тұлғалардың көлік құралдарын есептен шығару салық төлеушілер үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралына салық төленгенін растайтын құжатты немесе салық төлеуден босату құқығын растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Иелері байқау сәтінде көлік құралының нақты орналасқан жері бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы берген, мөрмен расталған байқау актісін ұсынған жағдайда, тіркелген орны бойынша көлік құралын байқауға әкелмей, есептен шығаруға жол беріледі.
      Есептен шығару көлік құралының бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқ екені туралы сұрау салулар орындалғаннан, көлік құралының есепке алу деректері мен оның иесі туралы мәліметтер нақтыланғаннан кейін ғана жүргізіледі.
      Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы көлiк құралын есептен шығару туралы шешiм қабылдағаннан кейін бұл туралы ақпарат көлік құралының бұрын тiркелген жері бойынша ТЕП-ке дереу жіберіледі.»;
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 7) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде, байқаудан өткізілмей, есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ ТЕП-ке тапсырылады. Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.
      Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Заңды тұлғалардың көлік құралдарын жеке тұлғаларға сату кезінде есептен шығару осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6), 7), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығы субъектісінің (мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалар үшін) функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік (коммуналдық) органдар рұқсатының негізінде жүргізіледі. Бұл ретте тіркеу құжатына жазба енгізіледі: «Автомобиль азамат Т.А.Ә. (болған жағдайда) сатуға байланысты есептен шығарылды, тұрғылықты тұратын мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжатының сериясы, нөмірі.».
      Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылмайды.»;
      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Емтихандар қабылдауды, азаматтарға «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы, «A1, B1, C1, D1, С1Е және D1E» кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді ішкі істер органдарының, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ғимараттары мен үй-жайларында орналастырылған тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ) жүзеге асырады.»;
      34-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен біріктіруді қамтамасыз етеді.»;
      77-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      77-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.»;
      8081-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «80. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға байланысты оны алу үшін адам:
      1) ТЕБ-ке жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;
      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;
      3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады.
      Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі өткен кезде көлік құралдарын басқару құқығы теориялық және практикалық емтихандар тапсырғаннан кейін қалпына келтіріледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.
      81. Қосымша санаттар, кіші санаттар алуға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ бұрын берілген жүргізуші куәлігін ұсынады.»;
      82-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «85. «Жол жүрісі туралы» (1968 жылғы 8 қарашадағы) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) Конвенциясының талаптарына жауап беретін, болатын елдің жүргізуші куәлігін шет елде алған, осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген адамдар оларды жүргізуші куәлігі түпнұсқасының, оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариаттық расталған аудармасының, осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде, ТЕБ-ке теориялық және практикалық емтихандар тапсырмай, Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігіне ауыстырады.»;
      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «89. Жүргізуші куәлігін оның жоғалуына байланысты алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Басқару құқығынан айырғаннан кейін сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылған жүргізуші куәлігін қалпына келтіру оларды жою туралы ТЕБ ақпаратының, сондай-ақ осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсыну және теориялық және практикалық емтихандар тапсыру негізінде жүргізіледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.»;
      Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы
      ____________Ж. Қасымбек
      2016 жылғы 27 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2016 жылғы 1 ақпан

Қазақстан Республикасы      
Ішкі істер министрінің      
2016 жылғы 26 қаңтардағы     
№ 73 бұйрығына          
1-қосымша            

Көлік құралының сәйкестендіру 
нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және есепке       
алу қағидаларына        
1-қосымша            

Нысан              

Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі

ТЕП-ке/ Мемлекеттік корпорацияға ____________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауы)
үшін мынадай құжаттарды ұсынды ______________________________________
                                     ұсынылған құжаттар
(БСН) ЖСК ________________Туған күні (жеке тұлғалар үшін)____________
        (күні, айы, жылы)
Жеке басты куәландыратын құжат (әділет органдарында тіркелген күні)
_____________________________________________________________________
            (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________ Телефоны ______________________
                     Көлік құралы туралы мәліметтер
VIN _________________________________________________________________
Мем. нөмірі __________________ Шасси нөмірі _________________________
Маркасы, моделі _______________ Шанақ нөмірі ________________________
Дайындаушы кәсіпорын _______________ Түсі ___________________________
КҚ түрі ___________________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. V см3)________
КҚ санаты ___________ Рұқсат етілген ең жоғары салмағы, kg___________
Шығарылған жылы ____________________Жүктемесіз салмағы, kg___________
КҚ тіркеу куәлігі ___________________________________________________
                        (сериясы, нөмірі, берілген күні)
                           Иесінің өкілі
_____________________________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні ____________ Жеке басты куәландыратын құжат_______________
         (күні, айы, жылы)                           (атауы, сериясы,
_____________________________________________________________________
                     нөмірі, қашан, кім берген)
_________________________________ тұрады. Телефоны __________________
Сенімхат ____________________________________________________________
                    (қашан, кім берген, тізілім нөмірі)
20__жылғы «___»__________________ Иесінің қолы ______________________
________________ МТНБ __________________________КҚТК берілді.

ІІО лауазымды адамының қызметтік белгілері

ІІО лауазымды адамының қорытындысы

Байқау нәтижелері бойынша көлік құралы туралы мәліметтер:
МТНБ _______________________ Дайындаушы кәсіпорын ___________________
КҚ санаты ___________________________________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN)___________________________________________
Шығарылған жылы ____________ Маркасы, моделі_________________________
Шасси (рама) нөмірі _________________________________________________
Шанақ нөмірі ________________________________________________________
Түсі ______________ Байқау нәтижесі _________________________________
    (ақаусыз, ақауы бар)
ІІО лауазымды адамы _________________________________________________
                             (қолы немесе коды)   (тегі)
Айдап әкетілген және ұрланған автокөлік базасы бойынша тексеру
жүргізілді __________________________________________________________
                         (нәтижесі, күні, уақыты)
_____________________________________________________________________
          (тексеру жүргізген жауапты қызметкердің қолы, тегі)
                            Иесінен қабылданды
______________________________________ сериясы ______№ ______________
      (тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері _________________________ саны _____________________
КҚ паспортының сериясы _________ №_________ _________________________
_____________________________________ сериясы_________ № ____________
   (меншік құқығын растайтын құжат)
«Транзит» белгісі ________________________ саны____ _________________
Кепілді тіркеу туралы куәлік ________________________________________
Төлем туралы түбіртектер (есеп шот-фактура) №
_____________________________________________________________________
Өзге құжаттар:_______________________________________________________
_________________________________________________________ қабылданды.
(тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту
         туралы жауапты қызметкердің қорытындысы)
20__жылғы «___»______________________ (қолы)
                                Иесіне берілді
Сериясы ________________ № __________________________________________
                                     (тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері ________________ «Транзит» белгісі _________________
ҚК паспорты сериясы ______________ № ________________________________
Өзге де құжаттар ____________________________________________________
___________________________ 20_____ жылғы « » _______________берілді.
ІІО лауазымды адамы/Мемлекеттік корпорация
қызметкері _________________________(қолы, тегі)

      Осымен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын жеке мәліметтерді пайдалануға, Мемлекеттік
корпорация қызметкерінің менің атымнан осы мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алуына электрондық құжат нысанындағы сұрау салуға қол
қоюына, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкерінің менің
фотосуретімді дайындауына және осы мемлекеттік қызмет көрсету
шеңберінде оны одан әрі пайдалануына өз келісімімді беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

Қазақстан Республикасы      
Ішкі істер министрінің      
2016 жылғы 26 қаңтардағы     
№ 73 бұйрығына          
2-қосымша            

Емтихандар қабылдау және   
жүргізуші куәліктерін    
беру қағидаларына      
7-қосымша            

Жүргізуші куәлігін беру бланкісі

ТЕБ-ке/ Мемлекеттік корпорацияға ____________________________________
_____________________________________________________________________
                       (облыс, қала, аудан)
туған жылы __________ ЖСН ___________________________________________
туған жері __________________________________________________________
                                  (облыс, қала)
____________________________________________________________ тұратын,
______________________________________________________ жұмыс істейтін
жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы ________, № _______________
____________________________________________________________ берілген
                      (қашан, кім)
Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
жүргізуші куәлігі ауыстырылсын, телнұсқасы берілсін _________________
______________________________________(керек емесі сызылып тасталсын)
жүргізуші куәлігінің сериясы _______, №______________________________
_____________________________________________________________________
                     (облыс, өлке, республика)
_______________________________________________________________ алған
                    (күні, айы, жылы)
20__жылғы «__»_____жүргізуші куәлігі мынадай жағдайларда ____________
_____________________________________________________________________
                             (баяндау)
жоғалды (ұрланды), төмендегі құжаттарды қоса беремін:
Ұрлық фактісі бойынша АІІБ-ден анықтама (егер ұрланса) ______________
ЖК жоғалған (ұрланған) кезде қажетті белгілер:
Өтініш берушінің қолы _______________________________________________
Ауыстыру, телнұсқаны беру үшін құжаттарды қабылдаған ТЕБ лауазымды
адамы _______________________________________________________________
                                  (қолы)
Қызметтік белгілер:
Сериясы ___, №_______ жүргізуші куәлігі 20__жылғы «___»_____ берілді.
ТЕБ операторы _______________________________________________________
                                      (қолы)

      Осымен ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын жеке мәліметтерді пайдалануға, Мемлекеттік
корпорация қызметкерінің менің атымнан осы мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алуына электрондық құжат нысанындағы сұрау салуға қол
қоюына, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкерінің менің
фотосуретімді дайындауына және осы мемлекеттік қызмет көрсету
шеңберінде оны одан әрі пайдалануына өз келісімімді беремін.

Көрсетілетін қызметті алушы _________________________ _______________
                            (тегі, аты, әкесінің аты      (қолы)
                              (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады