"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысына қосымша |
Тізбе
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5349 тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 117 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6036 тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 243 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7981 тіркелген, 2012 жылғы 14 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 746-751 жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10220 тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін айқындайды.
2. Ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес өтімділікті беру және алу үшін Ұлттық Банк мынадай аукцион түрлерін өткізеді:
1) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы;
2) бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы;
3) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционы;
4) депозиттік аукцион.
3. Қағидаларда 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде(Ерекше бөлім) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукционға қатысушы – орталық депозитарийдің депоненті болып табылатын, бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы (бұдан әрі – аукцион) және бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы нысанындағы сауда-саттыққа қатысушы болып табылатын екінші деңгейдегі банк;
2) бағалы қағаздарды сату мәмілесінің орындалған күні – Ұлттық Банктің аукционға қатысушыға бағалы қағаздарды сатқан күні;
3) бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесінің орындалған күні – Ұлттық Банктің аукционға қатысушыдан бағалы қағаздарды сатып алатын күні;
4) бастапқы агент – екінші деңгейдегі банк, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстан Республикасы пошта байланысының ұлттық операторы, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым және Ұлттық Банктің Резервтік Орталығының ғимаратын салуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
5) бәсекелес ұсынысы бар өтінім – аукционға қатысушының баға көрсетілген өтінімі;
6) бәсекелес ұсынысы жоқ өтінім – аукционға қатысушының баға көрсетілмеген өтінімі;
7) депозиттік пайыздық мөлшерлеме – Ұлттық Банкте банк салымын орналастырған қарсы әріптеске Ұлттық Банк төлейтін пайыз;
8) деректерді берудің электрондық жүйесі – қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (ҚААТЖ) немесе SWIFT – ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық банкаралық жүйесі;
9) дисконтталған баға – дисконттау мөлшерлемесін есептегенде номиналдық құннан төмен баға;
10) дисконттау мөлшерлемесі – Ұлттық Банк өткізетін аукционда бағалы қағаздың бағасын және көлемін есептеу үшін пайдаланылатын пайыздық мөлшерлеме;
11) инвестор – бастапқы агенттің клиенті;
12) кесімді баға – бастапқы агенттердің өтінімдерін қанағаттандыру аяқталатын баға;
13) кесімді мөлшерлеме – өтінімдерді қанағаттандыру аяқталатын ең төменгі (бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы үшін) не ең жоғарғы (бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы үшін) пайыздық мөлшерлеме;
14) кірістілік мөлшерлемесі – кері сату/сатып алу бағасын (екінші мәміле бағасын) және кері сату/сатып алу мәмілесінің сомасын есептеу үшін пайдалынатын, жасалатын сатып алу/сату және кері сату/сатып алу мәмілелерінің өлшемі;
15) қарсы әріптес – депозиттік аукционның қатысушысы болып табылатын екінші деңгейдегі банк;
16) ломбардтық тізім – Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционында және бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционында сатып алуына/сатуына рұқсат етілген, ұлттық сәйкестендіру нөмірлері көрсетілген бағалы қағаздардың тізбесі. Ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
шығарылым Қазақстан Республикасы қор биржасының сауда-саттығында айналысқа жіберілген;
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сатқан/сатып алған күнінен бастап шығарылым өтелгенге дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалған;
осы бағалы қағаздардың меншік иесі мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынастардың болуына байланысты бағалы қағаздарға меншік құқығын шектеу салынбаған.
Ломбардтық тізім Ұлттық Банктің консультативтік-кеңесші органы – Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің ұсынымдары негізінде Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығына сәйкес бекітіледі;
17) орташа алынған дисконтталған баға – кесімді баға бойынша аукционда қалыптасқан Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының жалпы көлеміне қарай алынған орташа дисконтталған баға;
18) орташа алынған мөлшерлеме – кесімді мөлшерлеме бойынша аукционда қалыптасқан, аукционға қатысушылардың/бастапқы агенттердің/қарсы әріптестердің қанағаттандырылған/ішінара қанағаттандырылған өтінімдерінің жалпы көлеміне қарай орташа алынған пайыздық мөлшерлеме;
19) пайыздық мөлшерлеме – аукционға қатысушыға төленетін, пайыздық көрсеткішпен көрсетілген сома;
20) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің аукциондарды өткізуге жауапты бөлімшесі;
21) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын мерзімінен бұрын өтеу – Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқамерзімді ноттарды өтеу мерзімі аяқталғанға дейін бастапқы агентпен өтеу күні, саны және бағасы бойынша алдын ала келісілген толық немесе ішінара айналыстан шығаруы;
22) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу – Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеу мерзімі өткенге дейін бастапқы агентпен Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу күні, саны және бағасы бойынша олардың одан әрі айналыста болу мүмкіндігімен алдын ала келісілген сатып алуы;
23) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруға өтінім – Ұлттық Банктің бұрын шығарылған айналыстағы қысқамерзімді ноттарына қосымша орналастырылған аукциондағы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары эмиссиясының кезеңі;
24) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру талаптары – Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастырудың, ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және үстеме орналастыру күнінен, айналыста болу мерзімінен, өтеу күнінен, үстеме орналастыру көлемінен, өтінімді қанағаттандыру талаптарынан, ақы төлеу күнінен, үстеме орналастыру нысанынан тұратын талаптар;
25) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптары – ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және орналастыру күні, айналысқа шығару мерзімі, өтеу күні, орналастыру көлемі, өтінімдерді қанағаттандыру талаптары, төлем жасау күні, орналастыру нысаны кіретін Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығарудың және орналастырудың талаптары;
26) Bloomberg, Thomson Reuters жүйелері – мәмілелер жасау мақсаттары үшін пайдаланушылары арасында байланыс жүзеге асырылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулер мен жабдықтар кешендері.
2. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу тәртібі
4. Аукционға қатысушы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион нәтижелері бойынша бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату жөнінде мәмілелер жасау тәртібі туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасайды. Тараптардың келісімі бойынша Келісімге Қағидаларға қайшы келмейтін қосымша талаптар енгізіледі.
5. Келісім жасау үшін аукционға әлеуетті қатысушы Ұлттық Банкпен бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату жөнінде мәмілелер жасау ниеті туралы Ұлттық Банкке жазбаша сұрату (бұдан әрі – жазбаша сұрату) (еркін нысанда) жібереді.
6. Ұлттық Банк жазбаша сұратуды қарайды және Ұлттық Банкке ұсынылған күнінен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды. Аукционға қатысушының жазбаша сұратуын қанағаттандыру және онымен Келісім жасау туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
7. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына мынадай талаптарға сәйкес келетін аукционға қатысушының қатысуына жол беріледі:
1) ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпарат Ұлттық Банкке ұсынылған күні қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп рет ең төменгі резервтік талаптар бойынша Ұлттық Банк алдында орындалмаған міндеттемелердің болмауы. Бұл шектеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға сәйкес әкімшілік құқық бұзылғаны үшін салынатын әкімшілік айыппұл төленген күнге дейін қолданылады;
2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы;
3) бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысу күні пруденциялық нормативтердің бұзылуының болмауы;
4) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шот шартында (шарттарында) аукционға қатысушы Ұлттық Банкпен операциялар бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктің акцептсіз ақша алу құқығын көздейтін талаптың болуы;
5) Ұлттық Банкпен жасалған Келісімнің болуы;
6) орталық депозитарийде жеке шотының болуы.
8. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындылары бойынша Ұлттық Банк пен аукционға қатысушының арасында жұп мәмілелер жасалады:
1) Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатып алуы бойынша (бірінші мәміле, сатып алу мәмілесі);
2) Ұлттық Банктің сол бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесінен кейін белгілі бір мерзімде кері сатуы бойынша (екінші мәміле, кері сату мәмілесі).
9. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының объектісі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сату бағасын есептеуге арналған формула бойынша кері сату мәмілесінің бағасын айқындайтын кірістілік мөлшерлемесі болып табылады.
10. Уәкілетті бөлімшеге аукционға қатысушының Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпарат ұсынуды Ұлттық Банктің мынадай бөлімшелері жүзеге асырады:
1) Ұлттық Банктің төлем балансы, валюталық реттеу және статистика бөлімшесі және Ұлттық Банктің банктік қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 7-тармағының 1) және 3) тармақшалары бойынша);
2) Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасы бойынша);
3) Ұлттық Банктің қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі (Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасы бойынша);
4) Ұлттық Банктің қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару бөлімшесі аукционға қатысушының мөлшерлемелердің (айырбастау бағамдарының) ағымдағы жағдайға негізделмеген құбылмалығын арттыруға әкеп соғатын операцияларын талдау бөлігінде.
11. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына валюта коды, аукционды өткізу күні және өтімділік беру мерзімі көрсетіле отырып бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – аукцион нөмір) беріледі.
12. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты, аукционға қатысушыға Ұлттық Банк айқындайтын электрондық деректер беру жүйесі арқылы берілетін ақпаратта (бұдан әрі – электрондық хабар) мынадай өлшемдер болады:
1) аукционның нөмірі;
2) ломбардтық тізім;
3) ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бірінші мәміленің бағасы). Сатып алу бағасы бір бағалы қағаздың үтірден кейін төрт белгі қойылған таза құны ретінде (есептелген сыйақы қосылмаған) айқындалады;
4) өтімділік беру мерзімі (бірінші мәмілені және екінші мәмілені орындау күні арасындағы күнтізбелік күндердегі айырма);
5) орналастырылатын өтімділіктің жарияланған көлемі;
6) кірістіліктің ең төменгі мөлшерлемесі (аукционға қатысушы сұрататын кірістілік мөлшерлемесінің ең төменгі рұқсат етілген мөлшері).
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты, электрондық деректер беру жүйесі арқылы берілетін ақпарат Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланады.
13. Техникалық себептерге байланысты Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге байланысты ақпаратты электрондық деректер беру жүйесі арқылы беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарларды қағаз тасымалдағышпен беруге рұқсат етіледі.
14. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізуге дейін кемінде бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукционға қатысушыға және орталық депозитарийге ломбардтық тізімді және бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу туралы ақпаратты хабарлайды.
15. Ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздардың нарықтық құны қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған дисконтқа сәйкес есептеледі.
16. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 09.00 –11.30 аралығында уәкілетті бөлімшеге Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционға қатысуға өтінім береді.
17. Аукционға қатысушы бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қатысу үшін бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінім береді.
Бәсекелес немесе бәсекелес емес ұсыныстары бар бір өтінімнің ең төменгі көлемі кемінде 50 000 000 (елу миллион) теңге болады.
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы кемінде екі әртүрлі аукционға қатысушыдан бәсекелес ұсынысы бар екі және одан көп өтінім болған кезде өткізіледі.
18. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздың шығарылымы, номиналдық құны және пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
19. Бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздың шығарылымы және номиналдық құны көрсетіледі.
20. Аукционға қатысушының бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционына қабылданған бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдері ең жоғарғысынан бастап, бірақ кесімді мөлшерлемеден төмен емес ұсынылған пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша ретке келтіріледі және қанағаттандырылады.
21. Аукционға қатысушының аукционға қабылданған бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімі бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылды.
Орташа алынған мөлшерлемені есептеуді Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу қорытындысы бойынша аукционға қатысушылардың бәсекелес ұсынысы бар қанағаттандырылған/ішінара қанағаттандырылған өтінімдері бойынша жүзеге асырады.
22. Уәкілетті бөлімше Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 қарай бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционға қатысуға өтінімдерді Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің тізіміне жинақтайды.
Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның орнындағы адам Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00 – 15.00 аралығында бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы жедел шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
23. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдер көлемі туралы ақпарат негізінде бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілесін жасайды және аукционға қатысушыға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының нәтижелері туралы хабарлама береді.
24. Ұлттық Банк ол жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының бағыттары және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес аукционның талаптарын жедел өзгертеді (жарияланған орналастыру көлемін ұлғайтады, жарияланған орналастыру көлемін азайтады, аукционды өткізбейді).
25. Аукционға қатысушыға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының нәтижелері туралы хабарламаны Ұлттық Банк аукцион толық аяқталғаннан кейін, бірақ Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 16.00 кешіктірмей орталық депозитарийге және аукционға қатысушыға жібереді.
26. Ұлттық Банк аукционның ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз нәтижелерін алған жағдайда аукционды өтпеген деп жариялайды.
Аукционды өтпеген деп жариялау уәкілетті бөлімшенің басшысының не ол болмаған кезде оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.
27. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы өткізілген күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 18.00 кешіктірмей Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына өткізілген бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындысы туралы ақпаратты орналастырады.
28. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындысы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілелері бойынша есеп айырысу орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
29. Бағалы қағаздарды есепке алуды жеңілдету мақсатында бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу жинақталған сыйақылар есепке алынбаған баға бойынша жүргізіледі. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны осы бағалы қағаздарды сатқан аукционға қатысушы алады.
30. Орталық депозитарий, қатысушы және Ұлттық Банк арасында бұйрықтармен алмасу орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
31. Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционының қорытындысы бойынша жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды кері сату мәмілесі жасалған күні белгіленген талаптармен, аукционға қатысушы міндеттемелерді орындамаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні Ұлттық Банк орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес орталық депозитарийге бағалы қағаздарды есептен шығаруға және Ұлттық Банктің пайдасына есепке жазуға арналған бұйрықты жібереді. Мәміле бойынша міндеттемелер орындалмаған күнге дейін есептелген бағалы қағаз бойынша жинақталған купондық сыйақының сомасы аукционға қатысушының пайдасына аударылады.
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату операцияларын есепке алуды және тіркеуді орталық депозитарий орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес Ұлттық Банктің тиісті қосалқы шотында жүргізеді.
Егер бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін жүргізу күні жұмыс істемейтін (мереке немесе демалыс) күнге сәйкес келсе, бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін орындау кері сату күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні мәміле талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу тәртібі
32. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қатысушысы Ұлттық Банкпен Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісім жасайды.
33. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қатысушысы Келісім жасау үшін Ұлттық Банкке Ұлттық Банкпен бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату мәмілелерін жасау ниеті туралы жазбаша сұрату жібереді.
34. Ұлттық Банк жазбаша сұратуды қарайды және Ұлттық Банкке ұсынған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды. Аукционға қатысушының жазбаша сұратуын қанағаттандыру және онымен Келісім жасау туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қабылдайды.
35. Мынадай талаптарға сәйкес келетін аукционға қатысушыға бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға рұқсат етіледі:
1) аукционға қатысушы Ұлттық Банкке ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалғаны туралы ақпарат ұсынған күні қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде ең төменгі резервтік талаптар бойынша Ұлттық Банк алдында екі және одан көп орындалмаған міндеттемелердің болмауы. Осы шектеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған әкімшілік айыппұл төлеген күнге дейін қолданылады;
2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы;
3) пруденциялық нормативтердің бұзылмауы;
4) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шот шартында (шарттарында) аукционға қатысушы Ұлттық Банкпен операциялар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда оның корреспонденттік шотынан ақшаны акцептемей алуға Ұлттық Банктің құқығы көзделетін талаптың болуы;
5) Келісімнің болуы;
6) орталық депозитарийде жеке шоттың болуы.
36. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындысы бойынша Ұлттық Банк пен аукционға қатысушы арасында:
1) Ұлттық Банктің бағалы қағаздар сатуы жөніндегі (бірінші мәміле, сату мәмілесі);
2) Ұлттық Банктің сату мәмілесінен (екінші мәміле, кері сатып алу мәмілесі) кейін сол бағалы қағаздарды кері сатып алуы жөніндегі бір немесе бірнеше жұп мәміле жасалады.
37. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының объектісі Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды кері сатып алу бағасын есептеуге арналған формула бойынша кері сатып алу мәмілесінің бағасын айқындайтын кірістілік мөлшерлемесі болып табылады.
38. Ұлттық Банктің мынадай бөлімшелері уәкілетті бөлімшеге аукционға қатысушының Қағидалардың 35-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпарат ұсыну үшін жауапты болып табылады:
1) Ұлттық Банктің Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика бөлімшесі және Ұлттық Банктің банктік қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 35-тармағының 1) және 3) тармақшалары бойынша);
2) Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі (Қағидалардың 35-тармағының 2) тармақшасы бойынша);
3) Ұлттық Банктің Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі (Қағидалардың 35-тармағының 4) тармақшасы бойынша);
4) Ұлттық Банктің Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару бөлімшесі аукционға қатысушының мөлшерлемелердің (айырбастау бағамдарының) ағымдағы жағдайға негізделмеген құбылмалығын арттыруға әкеп соғатын операцияларын талдау бөлігінде.
39. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату жөніндегі әрбір аукционға валюта кодын, аукцион өткізу күнін және өтімділікті алу мерзімін көрсете отырып бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – аукционның нөмірі) беріледі.
40. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізуге байланысты және аукционға қатысушыға Ұлттық Банк айқындайтын деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы берілетін ақпарат (бұдан әрі - электрондық хабар) мынадай өлшемдерді қамтиды:
1) аукционның нөмірі;
2) алынатын өтімділікті алу мерзімі (бірінші мәмілені және екінші мәмілені орындау күні арасындағы күнтізбелік күндердегі айырма);
3) алынатын өтімділіктің жарияланған көлемі;
4) кірістіліктің ең көп мөлшерлемесі (аукционға қатысушысы сұрататын кірістілік мөлшерлемесінің ең көп қолжетімді мөлшері);
5) кепіл түрі.
Деректерді берудің электрондық жүйесі бойынша берілетін бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын жүргізуге байланысты ақпарат Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланады.
41. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын жүргізуге байланысты ақпаратты техникалық себептер бойынша деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы хабарлар беру мүмкін болмаған жағдайда осы хабарларды қағаз тасымалдағышпен беруге рұқсат етіледі.
42. Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізерден бұрын бір жұмыс күнінен кешіктірмей бастапқы агенттерге және орталық депозитарийге бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу шарттарын хабарлайды.
43. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы шеңберінде кепіл ретінде беретін бағалы қағаздардың нарықтық құны қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде айқындалған дисконтпен есептеледі.
Бағалы қағаздарды сату құны бір бағалы қағаздардың таза құны ретінде (есептелген сыйақыны қоспай) үтірден кейін төрт белгімен анықталады.
44. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын өткізу күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 - 11.30 аралығында аукционға қатысушы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға уәкілетті бөлімшеге өтінім береді.
45. Аукционға қатысушы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қатысуға арналған өтінімдерді бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныстармен бере алады.
Бәсекелес және бәсекелес емес ұсыныс бар бір өтінімнің ең аз көлемі кемінде 50 000 000 (елу миллион) теңге болады.
Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционын кемінде әртүрлі екі қатысушыдан түскен бәсекелес ұсынысы бар екі және одан көп өтінім болған кезде өткізіледі.
46. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздардың шығарылымы, номиналдық құны және пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
Бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімде бағалы қағаздардың шығарылымы және номиналдық құны көрсетіледі.
47. Аукционға қатысушылардың бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қабылданған бәсекелес ұсыныстары реттеледі және ең жоғарыдан бастап, бірақ кесімді мөлшерлемеден төмен емес ұсынылған пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша қанағаттандырылады.
48. Аукционға қатысушының бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционына қабылданған бәсекелес емес ұсынысы аукцион өткізу қорытындылары бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылды. Орташа алынған мөлшерлемені есептеуді Ұлттық Банк аукционға қатысушылардың аукцион өткізу қорытындысы бойынша қанағаттандырылған/ішінара қанағаттандырылған бәсекелес ұсыныстары бойынша жүзеге асырады.
49. Уәкілетті бөлімше Алматы қаласының уақыты бойынша 12.00 сағатқа қарай бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінімдерді Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына жинақтайды.
Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның орнындағы адам Алматы қаласының уақыты бойынша 12.00 – 15.00 сағатта аукцион туралы алынған деректер негізінде кесімді мөлшерлеме, өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы жедел шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосына қол қояды.
50. Уәкілетті бөлімше кесімді мөлшерлеме және қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы ақпарат негізінде бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілелерін жасайды және аукционға қатысушыға Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
51. Ұлттық Банк жүргізілетін ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының талаптарын (алынатын өтімділіктің жарияланған көлемін ұлғайтады, алынатын өтімділіктің жарияланған көлемін азайтады, аукционды өткізбейді) жедел өзгертеді.
52. Ұлттық Банк Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарламаны аукцион толық аяқталғаннан кейін, бірақ Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге және аукцион қатысушысына жібереді.
53. Ұлттық Банк аукционның ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткілікті емес нәтижелерін алған жағдайда аукционды өткізілмеген деп жариялайды. Аукционды өткізілмеген деп жариялау уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның өкімімен бекітіледі.
54. Уәкілетті бөлімше бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционы өткізетін күні Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындылары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастырады.
55. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындылары бойынша бағалы қағаздарды сату және кері сатып алу мәмілелері бойынша есеп айырысулар орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады.
56. Бағалы қағаздарды есепке алуды жеңілдету мақсатында бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар жинақталған сыйақыны есепке алмағанда, баға бойынша жүргізіледі. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны осы бағалы қағаздарды сатқан Ұлттық Банк алады.
57. Орталық депозитарий, аукционға қатысушы және Ұлттық Банк арасында бұйрықтар алмасу орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
58. Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату аукционының қорытындылары бойынша жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін жасау күні белгіленген талаптармен аукционға қатысушы міндеттемелерді орындамаған күннен кейінгі жұмыс күні Ұлттық Банк орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздарды Ұлттық Банктің пайдасына есептен шығаруға және аударуға арналған бұйрықты орталық депозитарийге жібереді.
Мәміле бойынша міндеттемелерді орындамау күніне дейін есептелген бағалы қағаздар бойынша жинақталған купондық сыйақы сомасы аукцион қатысушысының пайдасына аударылады.
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сату және кері сатып алу операцияларын есепке алуын және тіркеуін орталық депозитарий Ұлттық Банктің тиісті қосалқы шотында орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Егер бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін жүргізу күні жұмыс істемейтін (мереке немесе демалыс) күнге келген жағдайда, бағалы қағаздарды кері сатып алу мәмілесін орындау мәміле талаптарына сәйкес кері сату күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
4. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционын жүргізу тәртібі
59. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банк дисконтталған баға бойынша орналастырады, номиналдық құны бойынша өтейді.
60. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары қаржы нарығында сыйақы мөлшерлемелерін реттеуге арналған ақша-кредит саясатының құралы болып табылады.
61. Ұлттық Банктің қысқамерзімді нотының номиналдық құны 100 (жүз) теңге болады.
62. Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау бөлімшесі қысқамерзімді ноттардың әрбір шығарылымына ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді.
63. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын орналастыру Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операцияларды жасау тәртібі туралы шарттың негізінде бастапқы агенттер арқылы жүзеге асырылады.
64. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттар бойынша сыйақы мөлшерлемесі Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының дисконтталған бағасына номиналдық құн мен дисконтталған баға арасындағы айырмашылықтардың қатынасын білдіреді, Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәртібіне сәйкес пайызбен көрсетіледі және айқындалады.
65. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығаруға және операциялар жасауға салық салу тәртібі "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiмен реттеледі.
66. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының акционы мынадай нысандарда:
1) электрондық аукцион;
2) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын бастапқы агенттермен келісілген дисконтталған баға бойынша сату (бұдан әрі - сату);
3) Ұлттық Банк белгілеген баға бойынша жазылым (бұдан әрі - жазылым) арқылы жүзеге асырылады.
67. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукционын жүргізуге байланысты ақпарат Ұлттық Банк анықтайтын деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы беріледі, Ұлттық Банк пайдаланатын бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесінің көмегімен шифрланады.
68. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционын жүргізуге байланысты ақпаратты техникалық себептер бойынша деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы беру мүмкін болмаған жағдайда осы ақпаратты қағаз тасымалдағышпен беруге рұқсат етіледі.
69. Ұлттық Банк тиісті шығарылымдағы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукционын өткізерден бұрын бір жұмыс күні бұрын, одан кешіктірмей бастапқы агентке және орталық депозитарийге аукцион өткізу шарттарын хабарлайды.
70. Бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционы өтетін күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден сағат 11.30-ға дейін Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға арналған өтінімдерді уәкілетті бөлімшеге тапсырады.
71. Бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға бәсекелес және (немесе) бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер береді.
72. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының саны, Ұлттық Банктің бір қысқамерзімді нотасының болжамды дисконтталған бағасы, номиналдық құны және дисконтталған бағасы бойынша сатып алудың жалпы көлемі көрсетіледі.
73. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімде бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукционында қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша сатып алуға дайын Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының жалпы саны көрсетіледі.
74. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер, электрондық аукционның жарияланған талаптары шегінде бірінші кезекте электрондық аукционда қалыптасқан орташа алынған баға бойынша, ал содан кейін бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдер қанағаттандырылады.
75. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға берілген өтінімдерді Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының жиынтық ведомосына Алматы қаласының уақытымен сағат 11.30-ға жинақтайды.
76. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукцион туралы алынған деректер негізінде Алматы қаласының уақытымен сағат 11.30-дан 12.00-ге дейін баға талаптары, электрондық аукционда Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға берілген өтінімдерді қанағаттандыру көлемі және қосымша орналастыруды жүргізу қажеттілігі туралы дереу шешім қабылдайды, бұдан кейін Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының жиынтық ведомосына қол қояды.
77. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукционын жүргізу күні Ұлттық Банктің:
1) бастапқы агенттердің немесе инвесторлардың Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуы;
2) Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционына қатысуы;
3) бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдерді қанағаттандыру бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының жарияланған талаптарын өзгертуіне жол беріледі.
78. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға баға талаптары және өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешімдер негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады және Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы агентке Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары өтінімдерінің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
79. Ұлттық Банк бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдерді қанағаттандыру үлесін, сондай-ақ қаржы нарығы конъюнктурасын ескере отырып, Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукционның талаптары жарияланған кезде бастапқы агенттерге және Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сату көлемінің үлесін өз бетінше айқындайды.
80. Ұлттық Банк жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарына сәйкес Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын орналастыруды жүзеге асырады.
81. Ұлттық Банк уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукционында қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының қосымша көлемін орналастыруды (бұдан әрі – үстеме орналастыру) жүргізеді.
82. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының электрондық аукционы өткізілген күні Алматы қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін бастапқы агентке Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүргізу шарттарын хабарлайды.
83. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруға өтінім үстеме орналастыру жүргізу талаптарында көрсетілген уақытқа дейін қабылданады.
84. Келіп түскен өтінімдер Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастырудың (сату, жазылу) жиынтық ведомосына жинақталады.
85. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған кезде оның міндетін атқаратын адам қосымша орналастыру жөніндегі алынған деректер негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруға қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру (сату, жазылу) жиынтық ведомосына қол қояды.
Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүргізеді.
Үстеме орналастыру кезінде өтінімдерді қанағаттандырған жағдайда олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түсу уақытына басымдық беріледі.
86. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруды аяқтағаннан кейін бастапқы агентке Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары өтінімдерінің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
87. Бастапқы агентпен келісілген дисконтталған бағалар бойынша сату нысанында Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционын жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті бөлімше сату жүргізілген күні уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам белгілеген бағалар шегінде, бастапқы агенттермен дисконтталған бағалар мен көлемді келіскеннен кейін, Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сату талаптарын Алматы қаласының уақытымен сағат 12.00-ге дейін бастапқы агентке жібереді.
88. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға өтінімдер Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сату талаптарында көрсетілген уақытқа дейін қабылданады.
89. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жүргізу кезінде келіп түскен өтінімдер Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру (сату, жазылу) жиынтық ведомосына жинақталады.
90. Уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сату туралы алынған деректер негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сату үшін қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру (сату, жазылу) жиынтық ведомосына қол қояды.
Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатуды жүргізеді.
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сату кезінде өтінімдерді қанағаттандыру кезінде олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түсу уақытына басымдық беріледі.
91. Уәкілетті бөлімше сатуды жүргізу аяқталған соң бастапқы агентке Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары өтінімдерінің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
92. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционын жазылу нысанында жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті бөлімше жазылу жүргізілген күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін бастапқы агентке Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарына жазылу талаптарын хабарлайды.
93. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының аукционын жазылу нысанында жүргізуге арналған бағаны уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам айқындайды.
94. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сату кезінде келіп түскен өтінімдер Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру (сату, жазылу) жиынтық ведомосына жинақталады.
95. Жазылу туралы алынған деректер негізінде уәкілетті бөлімшенің басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарына жазылу үшін қабылданған өтінімдерді қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылдайды, одан кейін Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру (сату, жазылу) жиынтық ведомосына қол қояды.
Уәкілетті бөлімше осы шешім негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығаруды жүргізеді.
Жазылу кезінде өтінімдер қанағаттандырылған жағдайда олардың Ұлттық Банкке нақты келіп түскен уақыты ескеріледі.
96. Уәкілетті бөлімше жазылуды жүргізу аяқталғаннан кейін Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы агентке Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары өтінімдерінің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама береді.
97. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының тиісті шығарылымын орналастырудың жиынтық көлемі уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.
98. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының нәтижелері бойынша бастапқы агентке хабарламаны Ұлттық Банк Алматы қаласының уақытымен сағат 17.00-ден кешіктірмей аукцион толық аяқталғаннан кейін орталық депозитарийге және аукционға қатысушыға жібереді.
99. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз, баға талаптарының көлемі шамалы және қанағаттандырылмаған болған жағдайда, уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының өтпегендігін жариялайды.
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының өтпегендігі туралы хабарландыру уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның өкімімен бекітіледі.
100. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарында белгілеген ақы төлеу күні уәкілетті бөлімше және бастапқы агент Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционының нәтижелерін алған соң бір сағат ішінде, бірақ Алматы қаласының уақытымен сағат 17.00-ден кешіктірмей орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес орталық депозитарийге бұйрықтарды береді.
101. Ақы төленген күні Ұлттық Банктен және бастапқы агенттен бұйрықтардың келіп түсуіне қарай орталық депозитарийде оларды салыстырып тексеру жүргізіледі және салыстырып тексеру нәтижелері бойынша бастапқы агенттің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясынан (бұдан әрі – бастапқы агенттің позициясы) ақшаны есептен шығаруға және оларды орталық депозитарийдің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясына (бұдан әрі – орталық депозитарийдің позициясы) есепке алуға төлем тапсырмасы қалыптастырылады және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық) беріледі.
102. Ұлттық Банк және бастапқы агент орталық депозитарийге ұсынған бұйрықтар сәйкес келмеген жағдайда, орталық депозитарий Орталыққа бұйрықтардың сәйкес келетін тармақтары бойынша ғана бастапқы агенттің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және оларды орталық депозитарийдің позициясына есепке алуға төлем тапсырмасын береді.
103. Орталық бастапқы агенттің позициясындағы қолма-қол ақшаны төлем тапсырмасында көрсетілген ақша сомасымен салыстырып тексереді. Бастапқы агенттің позициясында ақша жеткілікті болған жағдайда Орталық бастапқы агенттің позициясынан орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады. Орталық депозитарийде орталық депозитарийдің позициясына ақша есепке алынғаннан кейін он бес минут ішінде Ұлттық Банктің банкаралық ақша аудару жүйесіндегі позициясына ақша аудару туралы төлем тапсырмасы қалыптастырылады және Орталыққа жіберіледі.
104. Бастапқы агенттің позициясында ақша кем шыққан жағдайда, орталық депозитарий Ұлттық Банкке және бастапқы агентке Орталықтан алынған ақшаның кем шығуы туралы хабарлама негізінде тапсырманың орындалмағаны туралы хабарлама жібереді.
105. Орталықтан алынған Ұлттық Банктің позициясына ақшаны есепке алу туралы хабарлама негізінде орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын бастапқы агенттің жеке шотына есептейді.
106. Бастапқы агенттің жеке шотына Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын есепке алғаннан кейін орталық депозитарий Ұлттық Банкке және бастапқы агентке бұйрықтардың орындалғаны жөнінде хабарлама жібереді.
107. Бастапқы агент және Ұлттық Банк бұйрықтың орындалмағаны туралы хабарлама алған жағдайда, бастапқы агент пен Ұлттық Банк бұйрықты орындамауға әкеп соқтырған себептерді жойып, орталық депозитарийге бұйрықты қайта береді.
108. Бастапқы агент орталық депозитарийден бұйрықтың орындалғаны жөнінде хабарлама алғаннан кейін, егер бастапқы агент пен инвестор жасасқан шартта өзгеше көзделмесе, инвесторға Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарына оның меншік құқығын растайтын қағаз тасымалдағыштағы куәлікті береді.
109. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының айналысы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын шығару және орналастыру талаптарына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген ақы төлеу күнінен басталады.
110. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының айналысы өтеу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады.
111. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын және олар бойынша құқықтарды есепке алу бастапқы агенттің жеке шоты бойынша және бастапқы агенттердің жеке шоттарында ашылған инвесторлардың дербес қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.
112. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операциялар Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады және өтеу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
113. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Алматы қаласының уақытымен сағат 16.00-ден кешіктірмей Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеуден ақша алуға құқығы бар Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын ұстаушылардың тізімін қалыптастырады және бекітеді.
114. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеу күнінің алдындағы жұмыс күні Алматы қаласының уақытымен сағат 16.30-ден кешіктірмей Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттар санын, Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеу кезінде төленуге тиіс соманы және орталық депозитарийдің деректемелерін көрсете отырып Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының алдағы өтелуі туралы мәліметтерді уәкілетті бөлімшеге береді.
115. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеу күні Алматы қаласы уақытымен сағат 11:00-ге дейін Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттар санын, Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеу кезінде төленуге тиіс соманы және орталық депозитарийдің деректемелерін көрсете отырып Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын алда болатын өтеу туралы мәліметтерге сәйкес орталық депозитарийдің позициясына ақша аударуды жүзеге асырады.
116. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеуге бастапқы агенттің позициясына ақша аударуды Алматы қаласы уақытымен сағат 12:00-ге дейін өтеу күнгі олардың номиналдық құны бойынша жүргізеді.
117. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын өтеуге ақша аударуды жүзеге асырғаннан кейін Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын бастапқы агенттің жеке шоттарынан есептен шығаруды (өтеуді) жүзеге асырады.
118. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары өтелген соң жүргізілген өтеу туралы хабарламаны орталық депозитарий сол күні Ұлттық Банкке жібереді.
119. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында бастапқы агенттің келісімімен Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын оларды сатып алу жолымен мерзімінен бұрын өтеуді жүргізеді.
120. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын мерзімнен бұрын өтеу және сатып алынған Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын есепке алу үшін Ұлттық Банк орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоты шеңберінде өзінің атына сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің қосалқы шотын ашады.
121. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуды ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында бастапқы агентпен Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу-сату мәмілесін жасау арқылы жүзеге асырады.
122. Ұлттық Банк Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын ұйымдастырылған нарықта сатып алуды қор биржасының сауда жүйесі арқылы жүзеге асырады және мәміле паспорты мен биржалық куәлікпен ресімдейді.
123. Мәміле паспортында және/немесе биржалық куәлікте мынадай мәліметтер қамтылады:
1) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
2) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары шығарылған және өтелген күні;
3) Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының саны;
4) Ұлттық Банктің бір қысқамерзімді нотының құны;
5) өтеу мерзімі;
6) операцияның көлемі (жалпы сомасы теңгемен);
7) өтеуге кірістілік (пайызбен көрсетіледі);
8) мәміле күні.
124. Орталық депозитарий ұйымдастырылған нарықта Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуды тіркеуді қор биржасының Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу туралы бұйрығы негізде жүзеге асырады.
125. Ұйымдастырылмаған нарықта Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу-сату мәмілесін тіркеу уәкілетті бөлімшенің және бастапқы агенттің Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу/сату туралы қарсы бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
126. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу туралы қор биржасының бұйрығы немесе уәкілетті бөлімшенің және бастапқы агенттің Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу/сату туралы қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий бастапқы агенттің жеке шотындағы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының жеткілікті санының болуын тексереді, және олардың саны жеткілікті болған кезде есеп айырысулар аяқталғанға дейін Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын оқшаулауды жүзеге асырады.
127. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу туралы қор биржасының бұйрығы немесе уәкілетті бөлімшенің және бастапқы агенттің Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу/сату туралы қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий Ұлттық Банктің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және оларды орталық депозитарийдің позициясына есепке алуға төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.
128. Орталық депозитарийдің төлем тапсырмасының негізінде Орталық Ұлттық Банктің позициясынан орталық депозитарийдің позициясына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырғаннан кейін орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы растаманы жібереді.
129. Ақшаны орталық депозитарийдің позициясына есепке алғаннан кейін орталық депозитарий ақшаны орталық депозитарийдің позициясынан есептен шығаруға және бастапқы агенттің позициясына есепке алуға төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.
130. Орталық депозитарийдің төлем тапсырмасының негізінде Орталық ақшаны орталық депозитарийдің позициясынан бастапқы агенттің позициясына есептен шығаруды жүзеге асырғаннан кейін орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы растаманы жібереді.
131. Орталықтың ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы растамасының негізінде орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алу-сату мәмілесін тіркеуді бастапқы агенттің жеке шотынан Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын есептен шығару арқылы жүзеге асырады және оларды эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотына есепке алады.
132. Ұлттық Банк сатып алған Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары уәкілетті бөлімшеден алынған ақпараттың негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының айналыста болу мерзімі аяқталғанға дейін толық немесе ішінара өтеледі.
133. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын Ұлттық Банктің мерзімнен бұрын өтеуі туралы шешім уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді.
134. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының мерзімнен бұрын өтелуін тіркеуді уәкілетті бөлімше басшысының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын мерзімнен бұрын өтеу туралы өкімі негізінде Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шотынан есептен шығару және оларды орталық депозитарийдің қызмет көрсетуінен шығару арқылы жүзеге асырады.
135. Орталық депозитарий Қағидалардың 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банкке ұсынатын Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын алда болатын өтеу туралы мәліметтерде мерзімнен бұрын өтелген Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары Ұлттық Банк сатып алған Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының жалпы тізіміне енгізілмейді, олар жеке жолмен көрсетіледі.
5. Депозиттік аукционды өткізу тәртібі
136. Қарсы әріптес Ұлттық Банкпен Депозиттерді (банк салымдарын) қабылдау туралы және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы келісім жасайды.
137. Депозиттік аукцион өткізілген күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қарсы әріптес уәкілетті бөлімшеге Bloomberg немесе Thomson Reuters жүйелері арқылы өтінім береді, ал Bloomberg немесе Thomson Reuters жүйелері арқылы өтінімдерді беру мүмкін болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің депозиттік аукционына қатысуға өтінімді Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша факс немесе телефон байланысы, немесе дыбыс жазу құрылғыларын пайдалана отырып, телефон байланысы арқылы береді.
138. Қарсы әріптестер Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің депозиттік аукционына қатысуға бәсекелес ұсыныстары бар және бәсекелес ұсыныстары жоқ өтінімдерін береді.
Бір өтінімінің ең төменгі көлемі 10 000 000 (он миллион) теңге құрайды.
Депозиттік аукцион екі және одан көп қарсы әріптестен екі және одан көп өтінім болған кезде өткізіледі.
139. Бәсекелес ұсыныстары бар өтінімде орналастырылатын ақша көлемі және депозиттік пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.
140. Бәсекелес ұсыныстары жоқ өтінімде орналастырылатын ақша көлемі көрсетіледі.
141. Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің депозиттік аукционына қатысуға арналған бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдер бірінші кезекте қанағаттандырылады.
Қарсы әріптестердің депозиттік аукционға қабылданған бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдері ұсынылған депозиттік пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша ең төменгіден бастап, бірақ кесімді мөлшерлемеден жоғары емес, реттеледі және қанағаттандырылады.
142. Қарсы әріптестердің депозиттік аукционға қабылданған бәсекелес ұсыныстары жоқ өтінімдері депозиттік аукционды өткізудің қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған мөлшерлеме бойынша қанағаттандырылады.
Орташа алынған мөлшерлемені есептеу депозиттік аукционды өткізудің қорытындысы бойынша қарсы әріптестердің қанағаттандырылған/ішінара қанағаттандырылған бәсекелес ұсыныстары бар өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
143. Өтінімі қанағаттандырылған қарсы әріптес депозиттік аукцион күні Алматы қаласының уақыты бойынша 17.30-дан кешіктірмей ақшаны Ұлттық Банктің корреспонденттік шотына аударады.
144. Депозиттік аукцион жабылатын күн жұмыс істемейтін (мерекелі немесе демалыс) күнге сәйкес келген жағдайда, депозиттік аукционды жабуды орындау жабу күнінен кейін келетін бірінші жұмыс күні мәміленің басқа талаптарын өзгертпестен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Аукцион нәтижелері бойынша бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату жөнінде мәмілелер жасау тәртібі туралы келісім
Алматы қаласы 20__ жылғы "___" _______
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Ұлттық Банк" деп аталады, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде іс-әрекет жасайтын _____________________________________ арқылы бір жағынан және ____________________________________, бұдан әрі "Аукционға қатысушы" деп аталады, __________ негізінде іс-әрекет жасайтын _________________________________ арқылы екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталады, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес осы Аукцион нәтижелері бойынша бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату жөнінде мәмілелер жасау тәртібі туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) төмендегілер жайында жасады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Келісімде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1.1.1. сатып алу/сату бағасы (бірінші мәміленің бағасы) – ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздың Ұлттық Банк осындай бағалы қағазды кері сату/сатып алу талабымен сатып алуға/сатуға дайын болатын таза бағасы (жинақталған сыйақыны есептемегенде);
1.1.2. кірістілік мөлшерлемесі – Қағидаларда белгіленген тәртіппен кері сату/сатып алу бағасын (екінші мәміленің бағасы) және кері сату/сатып алу мәмілесінің сомасын есептеу үшін пайдаланылатын жасалатын сатып алу/сату және кері сату/сатып алу мәмілелерінің өлшемі;
1.1.3. аукцион нөмірі – әрбір аукционға оны сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында тағайындалатын код.
1.2 Келісімде пайдаланылатын, анықтамасы осы тарауда келтірілмеген ұғымдар Қағидаларда белгіленген мәнге ие.
2. Келісімнің мәні
2.1 Ұлттық Банк Аукционға қатысушыға Ұлттық Банктің аукционына қатысу мүмкіндігін береді, оның қорытындысы бойынша Келісімде және Қағидаларда айқындалған тәртіппен және талаптар бойынша бағалы қағаздарды сатып алу/сату және кері сату/сатып алу бойынша мәмілелер жасалады.
2.2 Аукционның нәтижелері бойынша Ұлттық Банк пен Аукционға қатысушының арасында бір мезгілде орындау мерзімдері әртүрлі, атауы бірдей бағалы қағаздармен бір немесе әртүрлі бағыттағы бірнеше жұп мәмілелері жасалады:
2.2.1. сатып алу мәмілесі (бірінші мәміле): Ұлттық Банктен Аукционға қатысушының пайдасына бірінші мәміленің бағасы бойынша есептелген мәміле сомасында ақша аударуды және Аукционға қатысушыдан Ұлттық Банктің пайдасына аталған бағалы қағаздардың осындай санына меншік құқығын беруді көздейтін Ұлттық Банктің Аукционға қатысушыдан бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу мәмілелеріне арналған ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесі;
сату мәмілесі (бірінші мәміле): Аукционға қатысушыдан Ұлттық Банктің пайдасына бірінші мәміленің бағасы бойынша есептелген мәміле сомасында ақша аударуды және Ұлттық Банктен Аукционға қатысушының пайдасына аталған бағалы қағаздарының осындай санына меншік құқығын беруді көздейтін Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу мәмілелеріне арналған ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздарды Аукционға қатысушыға сату мәмілесі;
2.2.2. кері сату мәмілесі (екінші мәміле): Аукционға қатысушыдан Ұлттық Банктің пайдасына кері сату бағасы бойынша есептелген мәміле сомасында ақша аударуды және оларға меншік құқығын қайтаруды көздейтін Ұлттық Банктің бірінші мәміле бойынша сатып алынған бағалы қағаздарды Аукционға қатысушыға сату мәмілесі;
кері сатып алу мәмілесі (екінші мәміле): Ұлттық Банктен Аукционға қатысушының пайдасына кері сатып алу бағасы бойынша есептелген мәміле сомасында ақша аударуды және оларға меншік құқығын қайтаруды көздейтін Ұлттық Банктің Аукционға қатысушыдан бірінші мәміле бойынша сатылған бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесі.
2.3. Аукционға қатысушы және Ұлттық Банк сатып алу/сату және кері сату/сатып алу мәмілелері үшін бір-біріне ұсынатын бағалы қағаздардың санын және атауын дербес айқындайды.
2.4. Аукционға қатысушының бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу-сату аукционына қатысуға арналған, аукционның нәтижесі бойынша қанағаттандырылған өтінімінде көрсетілген бағалы қағаздар өзге бағалы қағаздармен ауыстырылмайды.
3. Бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату бойынша аукциондар өткізу тәртібі
3.1. Ұлттық Банк аукционды жариялай отырып, Аукционға қатысушыны ломбардтық тізімге енгізілген бағалы қағаздарды сатып алу және кері сату мәмілелерін біржолғы жасау бойынша ұсыныс (оферт) жасауға шақырады.
3.2. Аукционға қатысушының аукционға қатысуы төмендегі құжаттар:
3.2.1. келісім;
3.2.2. Ұлттық Банкке бағалы қағаздарды сатып алу/сату және белгілі бір мерзім өткен соң кері сату/сатып алу ұсынысымен Қағидалардың 3 және 8-қосымшаларына сәйкес бағалы қағаздарды кері сата/сатып ала отырып сатып алу/сату бойынша аукционға қатысуға арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.
Өтінім берген кезде Аукционға қатысушы өтінімде көрсетілген және Келісімге сәйкес белгіленген талаптарда Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды сатып алуы және кері сатуы бойынша Ұлттық Банкпен біржолғы мәмілелерді жасауға міндеттенеді.
Аукционға қатысушы өтінімнің қанағаттандырылмауымен, толық немесе ішінара қанағаттандырылуымен алдын ала келіседі. Өтінімді қарау нәтижесі Ұлттық Банктің аукционды орналастыру нәтижелері туралы хабарламасында көрсетіледі.
4. Тараптардың міндеттері және құқықтары
4.1. Ұлттық Банк:
4.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Аукционға қатысушының аукционға қатысқан кездегі әрекеттеріне мониторинг жүргізу барысында ол алған ақпарат туралы мәліметтерді жария етпеуге;
4.1.2. Қағидаларға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланатын осы өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Аукционға қатысушыны хабардар етуге;
4.1.3. Аукционға қатысушымен Келісімді бұзған жағдайда, Келісім бұзылғанға дейін күнтізбелік бір ай бұрын бұл туралы Аукционға қатысушыны жазбаша хабардар етуге;
4.1.4. бағалы қағаздармен операцияларды Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
4.2. Ұлттық Банк:
4.2.1. Аукционға қатысушы Қағидаларды бұзған, сондай-ақ Келісімнің 2.2.1 және 2.2.2-тармақтарында көрсетілген міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оны уәкілетті бөлімше басшылығының нұсқауына дейін аукционға қатысудан біржақты тәртіппен шеттетуге;
4.2.2. Қағидалар бұзылған, сондай-ақ Келісімнің 2.2.1 және 2.2.2-тармақтарында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, Аукционға қатысушының Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотынан (шоттарынан) орындалмаған міндеттемелер сомасы мөлшерінде ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығаруға;
4.2.3. Аукционға қатысушы міндеттемелерін қайталап орындамаған жағдайда уәкілетті органның Аукционға қатысушыдан брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясын қайтарып алуына немесе тоқтата тұруына, Аукционға қатысушымен күнтізбелік бір жыл ішінде онымен Келісім жасасу құқығынсыз Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы;
4.3. Аукционға қатысушы Қағидаларды Ұлттық Банктің өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені туралы хабарламасының болмауы салдарынан бұзған жағдайда, бұл Ұлттық Банктің Аукционға қатысушының аукционға қатысу құқықтарын шектеуі үшін негіздеме болып табылмайды.
4.4. Аукционға қатысушы:
4.4.1. Келісімнің және Қағидалардың талаптарын сақтауға;
4.4.2. аукционға қатысқан кезде аукционның толық аяқталғанына көз жеткізуге міндетті. Аукцион қорытындысының болмауына байланысты бағалы қағаздарды аудару бойынша міндеттемелерді орындамау Аукционға қатысушыны өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды;
4.4.3. мақсаты аукционның баға талаптарына, сондай-ақ ҚР бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздардың нарықтық бағасына ықпал ету болып табылатын бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылармен жазбаша немесе ауызша уағдаластықтарға кірмеуге;
4.4.4. Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесіне аукционға қатысуға арналған өтінімдер қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда, оларға қол қоюға уәкілетті адамдардың қолтаңба үлгілерін ұсынуға;
4.4.5. бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесін орындау күні қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы хабарлама алғаннан кейінгі бір сағат ішінде, бірақ Алматы уақыты бойынша сағат 16.30-дан кешіктірмей орталық депозитарийде Ұлттық Банктің қосалқы шотына аудару үшін бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге, ал бағалы қағаздарды сату мәмілесін орындау күні қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы хабарлама алғаннан кейінгі бір сағат ішінде, бірақ Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей Ұлттық Банктің шотына аудару үшін ақша қаражатының болуын қамтамасыз етуге;
4.4.6. бағалы қағаздарды кері сату мәмілесін орындау күні Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей бағалы қағаздарды кері сатып алуға ақы төлеу үшін ақшаның болуын қамтамасыз етуге, ал бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесін орындау күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.30-дан кешіктірмей орталық депозитарийде Ұлттық Банктің қосалқы шотына аудару үшін бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге;
4.4.7. Ұлттық Банкті өз деректерінің жоспарланатын өзгеруі туралы кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар етуге;
4.4.8. Ұлттық Банкке қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның тарапынан өзіне санкциялар қолданылу жағдайлары туралы хабарлауға міндетті.
4.5. Аукционға қатысушы:
4.5.1. Келісімді бұзу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Ұлттық Банкті бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Келісім бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес жауапкершілік атқарады.
5.2. Бағалы қағаздарды сатып алғаны/сатқаны үшін ақы төленген күні аукционның қорытындысы бойынша бағалы қағаздар немесе ақша уақтылы аударылмағаны үшін Аукционға қатысушыдан әрбір кешіктірілген күнге мәміле сомасының Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің (жылдық пайызбен) екі еселенген мөлшерінде өсімпұл өндіріліп алынады.
5.3. Бағалы қағаздарды кері сату немесе кері сатып алу мәмілелері жасалған күні аукцион қорытындысы бойынша ақша немесе бағалы қағаздар уақтылы түсірілмегені үшін Аукционға қатысушыдан әрбір кешіктірілген күніне мәміле сомасының Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің (жылдық пайызбен) екі еселенген мөлшерінде өсімпұл өндіріледі.
5.4. Ұлттық Банк Аукционға қатысушы Ұлттық Банкпен операциялар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда оның корреспонденттік шотынан ақшаны акцептсіз тәртіппен есептен шығаруға құқылы.
6. Төтенше жағдай
6.1. Келісім бойынша Тараптардың өз функцияларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін табиғи апаттар, апаттар, өрт, жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер, әскери іс-әрекеттер, сондай-ақ Келісімде көрсетілгендерге тікелей және жанама тыйым салатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің қабылдануы жататын дүлей күш жағдаяттары пайда болған жағдайда, егер осындай жағдайлар туындаған сәттен бастап және байланыс болған жағдайда күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей дүлей күштің әсерінен зардап шеккен Тарап басқа Тарапқа болған оқиға туралы хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын тез арада жою үшін өз тарапынан барлық мүмкіндіктерді қолданған жағдайда, олар өзінің міндеттемелеріне алған жауапкершіліктерді орындаудан босатылады.
6.2. Келісімнің 6.1-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдаяттарының ықпал ету объектісіне айналған Тарап басқа Тараптың талап етуі бойынша болған оқиғалар туралы растаушы құжатты, сондай-ақ уәкілетті орган растаған келтірілген зиянның көлемін есептеуге байланысты кез келген құжаттаманы ұсынуға міндетті.
6.3. Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелерін орындауы дүлей күш жағдаяттары болған уақытта тоқтатыла тұрады және ол тоқтатылғаннан кейін бірден қалпына келтіріледі.
6.4. Келісімнің 6.1-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдаяттарының әрекеті тоқтатылғаннан кейін Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға міндетті.
7. Дауларды шешу тәртібі
7.1. Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау барысында туындаған келiспеушiлiктер келіссөздер арқылы шешіледі.
7.2. Егер Тараптар келіссөздер арқылы келісімге келмеген жағдайда, барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралады.
8. Келісімнің қолданылу мерзімі
8.1. Келісім оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi және белгісіз мерзімге жасалады.
8.2. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты болжанған бұзу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын бұл туралы жазбаша хабарлай отырып, Келісімді бұзуға құқылы.
9. Басқа да талаптар
9.1. Келісімнің 9.2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Келісімге өзгерістер Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын және Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Келісімге қосымша келісім жасау жолымен ресімделеді.
9.2. Атауы, орналасқан жері, деректемелері өзгерген жағдайда Тарап тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде растаушы құжаттарды қоса бере отырып, басқа Тарапқа жазбаша хабарлауға міндетті.
9.3. Тараптар қайта ұйымдастырылған жағдайда барлық құқықтар мен міндеттемелер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
9.4. Келісім екі данасы мемлекеттік тілде және екі данасы орыс тілінде төрт түпнұсқалық данада жасалды, олардың ішінде екі данасы (біреуі мемлекеттік тілде және біреуі орыс тілінде) Ұлттық Банкте қалады және екі данасы (біреуі мемлекеттік тілде және біреуі орыс тілінде) Клиентке беріледі. Әрбір данасының заңдық күші бірдей болып табылады.
9.5. Келісімде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
10. Тараптардың орналасқан орны және деректемелері
Ұлттық Банк | Аукционға қатысушы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Бағалы қағазды кері сату бағасын есептеу үшін формула
Ксб = (М/365 х N х Саб/100) + Саб, мұндағы
Ксб – бағалы қағаздарды кері сату бағасы;
Саб – бағалы қағаздарды сатып алу бағасы;
М – кірістілік мөлшерлемесі (жылдық пайызбен);
N – өтімділік беру мерзімі (күндермен).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
____________________
шығыс нөмірі
20__ жылғы "___"_______
__________________________________________________
(аукционға қатысушының шығыс хат-хабарды тіркеу журналы негізінде
шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі)
Бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу бойынша аукционға қатысуға өтінім
20___ жылғы "___"________N __________ шығарылым бойынша
(аукционның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі)
Аукционға қатысушы________________________________________________
(толық атауы және оның жеке шоты)
жеке сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру
коды____________, Ұлттық Банкке … күн кері сатып алу мерзімімен және
(жжжж.кк.аа) ________ кері сатып алу күнімен мына талаптармен бағалы
қағаздарды сатуға дайындығын білдіреді:
Өтінім нөмірі | Бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі | Аукционға қатысушының жеке шоты (аукционға қатысушының жеке шоты көрсетіледі) | Бағалы қағаздардың номиналды көлемі (теңге) | Номиналды құны бойынша сату көлемі (теңге) | Номиналды құны бойынша сатып алу көлемі (теңге) | Кірістілік мөлшерлемесі (пайызбен) |
бәсекелес ұсыныстар | ||||||
Жиынтығы | ||||||
Жиынтығы | ||||||
Жиынтығы |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
_____________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер _______________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Келіп түскен өтінімдердің тізімі
жжжж.кк.аа № (KZT, жжжж.кк.аа, күндер саны) аукцион
Ең төменгі мөлшерлеме Жарияланған көлемі
Р/с № | Аукционға қатысушы | ҰСН | Өтінім түрі | Өтінім тармағы | Бағалы қағаздардың номиналы | Бір бағалы қағаздың номиналынан пайызбен бағасы | Сатып алу көлемі | Кірістілік мөлшерлемесі (пайызбен) | жарияланған шектеулерді ескере отырып көлемі | жарияланған шектеулерді ескерусіз көлемі | ||||||
бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа алынған мөлшерлемесі | бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа алынған мөлшерлемесі | |||||||||
1 | ||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||
Жиынтығы |
Оның ішінде бәсекелес емес
өтінімдердің саны:
Басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
______________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосы
жжжж.кк.аа № KZT____________аукцион Ең жоғарғы мөлшерлеме ___(пайызбен) Жарияланған көлемі______
Р/с№ | Аукционға қатысушы | Өтінім түрі | Өтінім нөмірі | Бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, теңге | Пайыздық мөлшерлемесі | жарияланған шектеулерді ескере отырып көлемі | жарияланған шектеулерді ескерусіз көлемі | ||||||
бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа алынған мөлшерлемесі | бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа алынған мөлшерлемесі | ||||||
1 | |||||||||||||
2 | |||||||||||||
3 |
Барлық банктер бойынша жиынтығы _______ теңге
Оның ішінде бәсекелес емес
өтінімдердің саны _______ теңге
Басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
______________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Аукцион қатысушысына бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу бойынша аукционның нәтижелері жөніндегі хабарлама
№ аукцион бойынша өтінімдердің
қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама
Ұлттық Банк осымен Сіздің бағалы қағаздарды кері сата отырып
сатып алу бойынша аукционға қатысуға берілген 20___ жылғы "___"
________ № __________ өтініміңіз _______________ теңге сомада
қанағаттандырылғанын хабарлайды.
Аукционның орташа алынған мөлшерлемесі ____ (пайыз).
Қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемі _____ теңге.
№ өтінім | Аукционға қатысушының жеке шоты | ҰСН | Номиналды көлемі | Сатып алу бағасы | Сатып алу көлемі | Кері сатудың бағасы | Кері сатудың көлемі | Кірістілік мөлшерлемесі | Кері сату күні |
Жиынтығы |
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның
орнындағы адам)_______________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 7-қосымша |
Бағалы қағазды кері сатып алу бағасын есептеу үшін формула
Ксаб = (М/365 х N х Рб/100) + Рб, мұндағы
Ксаб – бағалы қағаздарды кері сатып алу бағасы;
Рб – бағалы қағаздарды сату бағасы;
М – кірістілік мөлшерлемесі (жылдық пайызбен);
N – өтімділік алу мерзімі (күндермен).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
______________
шығыс нөмірі
20__ жылғы "___" _______
_____________________________________________________________________
(аукционға қатысушының шығыс хат-хабарды тіркеу журналы негізінде
шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі)
Бағалы қағаздарды кері сатып ала отырып сату бойынша аукционға
қатысуға өтінім
20___ жылғы "___"________N __________ шығарылым бойынша
(аукционның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі)
Аукционға қатысушы___________________________________________________
(толық атауы және оның жеке шоты)
жеке сәйкестендіру коды немесе банктік сәйкестендіру коды _________,
Ұлттық Банктен … күн кері сату мерзімімен және (жжжж.кк.аа.) ________
кері сату күнімен мына талаптармен бағалы қағаздарды сатып алуға
дайындығын білдіреді:
Өтінім нөмірі | Аукционға қатысушының жеке шоты (аукционға қатысушының жеке шоты көрсетіледі) | Көлемі (теңге) | Кірістілік мөлшерлемесі (пайызбен) |
бәсекелес ұсыныстар | |||
Жиынтығы | |||
бәсекелес емес ұсыныстар | |||
Жиынтығы |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер ________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
Келіп түскен өтінімдердің жиынтық ведомосы
жжжж.кк.аа № KZT_____________аукцион Ең жоғарғы мөлшерлеме ___(пайызбен) Жарияланған көлемі ________
Р/с № | Аукционға қатысушы | Өтінім түрі | Өтінім нөмірі | Бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, теңге | Пайыздық мөлшерлемесі | жарияланған шектеулерді ескере отырып көлемі | жарияланған шектеулерді ескерусіз көлемі | ||||||
бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа алынған мөлшерлемесі | бәсекелес | бәсекелес емес | жиынтығы | орташа алынған мөлшерлемесі | ||||||
1 | |||||||||||||
2 | |||||||||||||
3 | |||||||||||||
Барлық банктер бойынша жиынтығы _______теңге
Оның ішінде бәсекелес емес
өтінімдердің саны _______теңге
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның
орнындағы адам)_____________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 10-қосымша |
Нысан
Ұлттық Банк
Аукционға қатысушыға
Қатысушының атауы
Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сатып алумен сату жөніндегі аукционы бойынша өтінімдердің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама
жжжж кк аа № KZT____________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы арқылы Сіздің жжжж кк аа № ________ аукционға қатысуға өтініміңіздің қанағаттандырылғанын хабарлайды.
Аукционның орташа алынған мөлшерлемесі ____ (пайызбен).
Аукционды жабу күні жжжж.кк.аа.
Қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемі____________теңге.
№ өтінім | ҰСН | Бағалы қағаздың номиналды көлемі | Бағалы қағаздың сату бағасы | Ашу көлемі | Бағалы қағаздың кері сатып алу бағасы | Жабу көлемі | Мөлшерлемесі |
Жиынтығы |
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы
адам)________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операциялар жасау тәртібі туралы шарт
Алматы қаласы 20__ жылғы "__" _________"
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Ұлттық Банк" деп аталады, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы негізінде іс-әрекет жасайтын _________________________арқылы, бір жағынан және ______________________________, бұдан әрі "Бастапқы агент" деп аталады, __________ негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________ арқылы, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операциялар жасау тәртібі туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1. Шарттың мәні
1.1. Ұлттық Банк Бастапқы агентке Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына сәйкес Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттарымен (бұдан әрі – қысқамерзімді ноттар) операциялар жасауға уәкілеттік береді.
2. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
2.1. Ұлттық Банк:
2.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын орналастыру кезінде Бастапқы агенттің іс-әрекетіне мониторинг жасау барысында алынған ақпарат туралы мәліметтерді жарияламауға;
2.1.2. Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы Бастапқы агентке хабарлауға;
2.1.3. Бастапқы агентпен жасалған Шарт бұзылған жағдайда бұл туралы оны бұзу күнінен күнтізбелік бір ай бұрын Бастапқы агентке, сондай-ақ осы Бастапқы агенттің барлық инвесторларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазбаша хабарлауға;
2.1.4. Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен операциялар жүргізуге міндетті.
2.2. Ұлттық Банк:
2.2.1. Бастапқы агенттің қызметіне мониторинг жасау мақсатында Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары нарығында олар жүзеге асыратын Бастапқы агенттің кез келген операциясы туралы қажетті ақпаратты сұратуға;
2.2.2. Қағидалардың талаптары бұзылған, сондай-ақ Шарттың
2.4.3-тармағы сақталмаған немесе Бастапқы агент сатып алынған Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын төлеуге ақша аударудан ішінара бас тартқан жағдайда Бастапқы агентті Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының қатарынан болатын бес аукционына қатысудан бір жақты тәртіппен шеттетуге;
2.2.3. Бастапқы агент немесе оның инвесторы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын төлеуге ақша аударудан толық бас тартқан немесе ішінара бас тартуды қайталаған жағдайда, уәкілетті орган Бастапқы агенттің номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан не бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырған немесе қолданылуын тоқтатқан жағдайда, Шарттың бір күнтізбелік жылы ішінде Бастапқы агенттің жасауы құқығынсыз Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
2.3. Ұлттық Банктің Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламауы салдарынан Бастапқы агенттің Қағидаларды бұзуы Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары аукционына қатысу жөніндегі Бастапқы агенттің құқықтарын шектеуі үшін негіз бола алмайды.
2.4. Бастапқы агент:
2.4.1. Шарт талаптарын сақтауға және Қағидалар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарымен мәмілелерді жүзеге асыруға;
2.4.2. Деректемелері өзгерген жағдайда, оларды өзгерткен күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы жазбаша хабарлауға;
2.4.3. Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын орналастыруға қатысу кезінде орналастырудың толық аяқталғанына сенімді болуға. Орналастыру нәтижелерінің болмауына байланысты Ұлттық Банктің сатып алынған қысқамерзімді ноттары үшін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау Бастапқы агентті оның міндеттемелерін орындаудан босатпайды;
2.4.4. бастапқы нарықта аукционның баға жағдайына, сондай-ақ қайталама нарықта Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының нарықтық бағасына әсер ету мақсаты бар бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушыларымен жазбаша немесе ауызша келісімге келмеуге;
2.4.5. Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге уәкілетті бөлімшесіне өтінімдерді қағаз тасымалдағышпен ұсынған жағдайда Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға арналған өтінімге қол қоюға уәкілетті адамдардың қолдарының үлгілерін ұсынуға;
2.4.6. ақы төлеу күні қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі туралы хабарлама алғаннан кейін бір сағаттың ішінде, бірақ Алматы уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей Ұлттық Банктің сатып алынған қысқамерзімді ноттары үшін ақы төлеуге қолма-қол ақшаның болуын қамтамасыз етуге;
2.4.7. Ұлттық Банк тарапынан Бастапқы агентке санкцияларды, шектеулі ықпал ету шараларын, ертерек ден қою шараларын қолданудың барлық жағдайлары туралы Уәкілетті бөлімшеге хабарлауға міндетті.
2.5. Бастапқы агент:
2.5.1. Ұлттық Банкке бұл туралы күнтізбелік бір ай бұрын жазбаша хабарлай отырып бір жақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы.
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
3.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес жауап береді.
3.2. Ұлттық Банктің сатып алынған қысқамерзімді ноттар үшін ақша уақтылы түспегенде Бастапқы агенттен әрбір кешіктірілген күн үшін төлемнің барлық сомасынан Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің (жылдық пайызбен) екі есесінен аспайтын мөлшерде өсімпұл өндіріп алынады.
4. Төтенше жағдай
4.1. Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей және жанама тыйым салатын, Тараптардың шарт бойынша өз функцияларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін табиғи апаттар, апаттар, өрт, жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер, әскери іс-әрекеттер жататын еңсерілмейтін күштiң пайда болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің қабылдануы жағдайында, егер осындай жағдай туған сәттен бастап және байланыс болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей дүлей күштен зардап шеккен Тарап екінші Тарапқа болған оқиға туралы хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайдың зардаптарын тез жою үшін барлық күш жігерін салса Тараптар өзінің міндеттемелеріне алған жауапкершіліктерді орындаудан босатылады.
4.2. Шарттың 4.1-тармағында көрсетілген еңсерілмейтін күштің объектісі болған Тарап басқа Тараптың талап етуі бойынша болған оқиғалар туралы растау құжатын, сондай-ақ уәкілетті органдар куәландырған келтірілген шығын көлемін есептеуге байланысты кезкелген құжаттаманы ұсынуға міндетті.
4.3. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауы осындай еңсерілмейтін күш орын алған уақытқа тоқтатыла тұрады және олар тоқтағаннан кейін бірден қалпына келтіріледі.
4.4. Шарттың 4.1-тармағында көрсетілген еңсерілмейтін күштің қолданылуы тоқтағаннан кейін Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға міндетті.
5. Дауларды шешу тәртібі
5.1. Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы барысында туындаған келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.
5.2. Егер Тараптар келіссөздер арқылы келісімге келмеген жағдайда, барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралады.
6. Шарттың қолданылу мерзімі
6.1. Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады.
6.2. Тараптардың әрқайсысы Шарт болжамды бұзылатын күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын басқа Тарапқа бұл жөнінде жазбаша ескерте отырып Шартты бұзуға құқылы.
7. Басқа да талаптар
7.1. Шарттың 7.2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартқа өзгерістер Шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
7.2. Тараптардың атаулары, орналасқан жерлері, деректемелері өзгерген жағдайда, тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып басқа Тарапқа жазбаша хабарлауға міндетті.
7.3. Тараптар қайта құрылған жағдайда барлық құқықтары мен міндеттері Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
7.4. Шарт түпнұсқа төрт данада жасалды: екеуі мемлекеттік және екеуі орыс тілдерінде, олардың екі (бір мемлекеттік және бір орыс тілдеріндегі) данасы Ұлттық Банкте қалады және екі (бір мемлекеттік және бір орыс тілдеріндегі) данасы Клиентке беріледі.
7.5. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
8. Тараптардың орналасқан жері және деректемелері
Ұлттық Банк Бастапқы агент
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 12-қосымша |
Нысан
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі
Рн-Рд 365
------- көбейтілсін ------ 100 –ге көбейтілсін
Рд То
мұндағы: Рн – номиналдық құны
Рд – дисконтталған бағасы
То – айналыс кезеңі (күнмен).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 13-қосымша |
Нысан
___________________
шығыс нөмірі
20__ жылғы "___"_______
___________________________________________________________
(Бастапқы агенттің шығыс хат-хабарын тіркеу журналы негізінде шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі)
орналастыру нысаны (аукцион (үстеме орналастыру), сату, жазылу)
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға
өтінім
20__ жылғы "___"_________№ _________ шығарылым бойынша
(Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарды шығару және орналастыру
талаптарын негізге ала отырып шығарылым нөмірі көрсетіледі)
____________________________________________________________ -
(толық атауы мен оның дербес шоты)
бастапқы агент ретінде көрінетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушысы Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоты №_________________________, БСК_____________________,
БСН ____________ __________ күн айналысқа шығару мерзімі және мынадай
баға шарттары бойынша _________ өтеу күні бар Ұлттық Банктің
қысқамерзімді ноттарын сатып алуға дайын екендігін білдіреді:
№ | Қысқамерзімді ноттардың саны (дана) | Бастапқы агенттің жеке шоты (Бастапқы агенттің немесе инвестордың жеке шоты көрсетіледі) | Бір ноттың номиналдық құны (теңге) | Номиналдық құны бойынша сатып алу көлемі (теңге) | Бір ноттың дисконтталған бағасы (теңге) | Дисконтталған баға бойынша сатып алу көлемі (теңге) |
бәсекелес ұсыныстар | ||||||
Жиынтығы: | ||||||
бәсекелес емес ұсыныстар | ||||||
Жиынтығы: |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер __________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 14-қосымша |
Нысан
____________________________________________________
ұлттық сәйкестендіру нөмірі, өтеу күні, айналыс мерзімі
шығарылымы № ____
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының жиынтық ведомосы
Аукцион талаптары мыналар болып айқындалды
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатудың жарияланған көлемі ______ миллион теңге
Бір қатысушыға өтінімді қанағаттандыруды шектеу пайызы _______ пайыз
Жарияланған көлемнен бәсекелес емес ұсыныстарды қанағаттандыру пайызы _______пайыз
Қазақстан Республикасының бейрезидент инвесторлардың қатысу пайызы _______ пайыз
Бейрезиденттер үшін жарияланған көлемнен бәсекелес емес ұсыныстарды қанағаттандыру пайызы _______ пайыз
Өтінімде көрсетілген дисконтталған баға | Өтінімде көрсетілген баға бойынша сыйақы мөлшерлемесі, пайызбен | Осы дисконтталған баға бойынша берілген өтінім саны, дана | Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын резиденттердің сатып алуының көлемі | Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын бейрезиденттердің сатып алуының көлемі | ||
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының саны, дана | Өтініш қанағаттандырылған кезде түскен сома, теңге | Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының саны, дана | Өтініш қанағаттандырылған кезде түскен сома, теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиынтығы |
кестенің жалғасы
Өспелі жиынтық Аукцион бойынша түскен ақша көлемі | Аукционда қалыптасқан орташа алынған дисконтталған бағасы | Орташа алынған дисконтталған баға бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі, пайызбен | |||
көрсетілген шектеулерді ескере отырып | көрсетілген шектеулерді ескермей | ||||
дана | теңге | дана | теңге | ||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Қабылданған өтінімдердің Ұлттық Банктің бір қысқамерзімді нотасына орташа дисконтталған бағасы: _____________ болды | Барлық бәсекелес емес бағаның саны____дана |
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын мынадай баға талаптары бойынша орналастыру жүргізілсін
Кесімді бағасы _____ (теңге) Шектеу ____________ | Орташа алынған бағасы ________ (теңге) |
Аукцион көлемі ___________ (теңге) мөлшерінде бекітілсін
Мына талаптарда Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыруды жарияласын
Орташа алынған бағасы ___ (теңге) ____ (теңге) үстеме орналастыру көлемі
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
_____________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 15-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі | Бастапқы агентке (толық атауы) Бірінші басшы (лауазымы, тегі және аты-жөні) Орналасқан жері |
______ ______ ______
№ __________________
_______________________________________бойынша
аукцион (үстеме орналастыру), сату, жазылу
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттары өтінімдерінің қанағаттандырылған көлемі туралы хабарлама
Ұлттық Банк осы хабарламада Сіздің 20__ жылғы "__"______№ ____
шығарылым бойынша Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын сатып алуға
өтініміңіз ______ теңге сомаға қанағаттандырылғаны жөнінде мәлімдейді.
Ұлттық Банктің бір қысқамерзімді нотына аукционның орташа мөлшерленген дисконтталған бағасы ______ теңге құрады.
Өтінімнің тармағы № № | Бастапқы агенттің жеке шоты | Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттар саны (дана) | Ұлттық Банктің бір қысқамерзімді нотына дисконтталған баға (теңге) | Қанағаттандырылған сатып алу көлемі, (теңге) |
Жиынтығы |
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
____________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 16-қосымша |
Нысан
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастырудың (сатудың, жазылудың) жиынтық ведомосы
_________ № ____ шығарылым
______________________
өтеу күні, айналыста болу мерзімі
Үстеме орналастырудың (сатудың, жазылудың) мынадай талаптары белгіленген:
Осы шығарылымның аукционында қалыптасқан орташа мөлшерленген дисконтталған баға (Ұлттық Банк белгілеген баға) ______ теңге
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастырудың (сату, жазылу) жария етілген көлемі ___________ миллион теңге
Аукционның бір қатысушысына өтінімді қанағаттандыруды шектеу пайызы ________ пайыз
Қазақстан Республикасының инвестор-бейрезиденттерінің өтінімдерін қанағаттандыруды шектеу пайызы __________ пайыз.
Өтінімнің реттік нөмірі және түскен уақыты | Өтінімде көрсетілген баға бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі, пайызбен | Өтінімдер саны | Резиденттердің Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру (сату, жазылу) көлемі | Бейрезиденттердің Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын үстеме орналастыру (сату, жазылу) көлемі | ||
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының саны, дана | Өтінімдерді қанағаттандырған жағдайдағы түсім сомасы, теңге | Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының саны, дана | Өтінімдерді қанағаттандырған жағдайдағы түсім сомасы, теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиынтығы |
Кестенің жалғасы
Өсу жиынтығы Үстеме орналастыру (сату, жазылу) көлемі | |||||
көрсетілген шектеулерді есепке алғанда | көрсетілген шектеулерді есепке алмағанда | ||||
Саны, дана | Сома, теңге | Аукционды есепке алғанда | Саны, дана | Сома, теңге | Аукционды есепке алғанда |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын ________ (теңге) көлемінде үстеме орналастыру жүргізілсін
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның
орнындағы адам)______________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 17-қосымша |
Нысан
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарын алдағы өтеу туралы мәліметтер
№____ Күні жжжж.кк.аа. | Ұлттық Банк Департаментінің директоры________ |
Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының айналым мерзімінің
аяқтауына байланысты жжжж.кк.аа. №________ эмиссияны өтеу үшін келесі
деректемелер бойынша ақша аудару жүргізуді сұраймыз:
Алушының атауы | Банк деректемелері | Жалпы өтеу көлемі, теңге |
Орталық депозитарий | БСК ЖСК БСН | ______________ |
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларына 18-қосымша |
Нысан
Ұлттық Банктің _____________________ № ____ шығарылымдағы
депозиттік аукционына қатысуға өтінім
Депозиттерді қабылдау (банктік салымдар) және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы ______ №__ келісімге сәйкес Қарсы әріптес Сізді келесі талаптармен депозиттік аукционға қатысуға өтінімді қарауыңызды сұрайды:
Мәміле күні:
Валюталау күні:
Аяқтау күні:
Валюта түрі:
Ашылу сомасы:
Жабылу сомасы:
Мөлшерлеме:
Мерзімі:
Сыйақы мөлшерлемесі:
Ұлттық Банктің деректемелері:
Қарсы әріптестің деректемелері:
Уәкілетті бөлімшенің басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы
адам)___________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы