"Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13312 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тіркелімнің республикалық бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.

      Тіркелімнің республикалық бөлімі мыналарды:

      1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді;

      2) халықаралық әуежай қызметтерін;

      3) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесіне ие теңіз порты қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.

      Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметтерді Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық уәкілетті органдары реттейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығында жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет порталына орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады